phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Өлең-жырдың жүйрігі...» шығармашылық кеш

«Өлең-жырдың жүйрігі...» шығармашылық кеш

27 қараша күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Төр Алтайдың әдеби әлемі» клубының аясында әуесқой ақын, әнші, асаба Есімжан Медет Хатамоллаұлының «Өлең-жырдың жүйрігі...» атты шығармашылық кеші өтеді.

Есімжан Медет 1986 жылы 27 қараша күні Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылдық аймағына қарасты Шеңгелді ауылында дүниеге келген. Сол ауылда Қаныш Имантайұлы Сәтпаев атындағы мектепті тәмәмдап, қазіргі таңда Өскемен қаласында тұрып жатыр. Жұбайы, екі қызы бар.

Халық арасында әншілігімен және асабалық қызметімен танымал, арасында қоңыр дауысымен поэзия оқығанды ұнатады.

Бүгінде кітапхана жанынан құрылған «Төр Алтайдың әдеби әлемі» клубы жүзден астам шығармашылық адамдарының басын қосқан рухани ортаға айналды. Апта сайын «Суретке ат қой», «Мақал-мәтел сайысы», «Поэзия күні» сынды байқаулар клуб мүшелерінің арасында өткізіліп тұрады. Ай сайын клуб мүшелерінің онлайн, ойлайн кештері өтіп тұрады. Басты мақсат жергілікті қаламгерлерді қолдау, шығармашылығын насихаттау.

Клуб аясында өткізілмекші кезекті шараға Медеттің өнерде бірге жүрген әріптестері, жерлестері және өлеңсүйер қауым қатыспақшы.

Келіңіздер, көріңіздер!

 

 

Байланыс тел.: +7 705 624 1725, Абылғазинова Г.


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp