phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Ер жігітке 7 өнер аз, 70 өнер көп емес» шығармашылық кеш

«Ер жігітке 7 өнер аз, 70 өнер көп емес» шығармашылық кеш

23 желтоқсанда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Ер жігітке 7 өнер аз, 70 өнер көп емес» атты Жиынбек Рәбілұлының шығармашылық кеші ұйымдастырылды.

Тағылымды кездесуге өнерсүйер қауым, зиялы қауым өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында қонақтың өмір жолы, спорттағы, өнердегі және шығармашылықтағы жетістіктері кеңінен таныстырылды.

Жиынбек Рәбілұлы заң саласының маманы, спортта жоғары жетістіктерге жеткен, таэквондодан қара белбеу иегері, бокстан чемпион, сондай-ақ бірнеше кітаптың және алпысқа жуық ән мен терменің авторы. Кеш барысында қонақ өзінің шығармашылық жолы, ұстаздық ұстанымы, өмірлік тәжірибесі мен адамдық құндылықтар туралы ой бөлісті.

Кеш қонағының өлеңдері мен әндері кештің мазмұнын байытып, көрерменге рухани әсер сыйлады.

Тағылымы мол бұл кездесу қатысушыларға рухани серпіліс пен өнеге болды.

Bulzhanov 1 Bulzhanov 2 Bulzhanov 3 Bulzhanov 4 Bulzhanov 5 Bulzhanov 6 Bulzhanov 7
Bulzhanov 8 Bulzhanov 9 Bulzhanov 10 Bulzhanov 11 Bulzhanov 12 Bulzhanov 13 Bulzhanov 14

 

 


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp