phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Ауғанның отты жалыны...» кездесу

«Ауғанның отты жалыны...» кездесу

11 ақпанда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ауғанның отты жалыны» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – Ауған жерінде әскери борышын өтеп, елге аман оралған ардагерлерге құрмет көрсету, қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым ету, жас ұрпаққа ерлік пен отансүйгіштік рухын дәріптеу.
Шара қонақтары – ардагерлер Түгелбаев Еділ мен Нұртазин Бейсенғазы ағалар өздерінің өмір жолы, әскери қызметі, Ауған жеріндегі есте қалған оқиғалары туралы сыр бөлісті. Сондай-ақ ардагерлер соғыс алдындағы дайындық, жауынгерлік міндет, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі және бүгінгі бейбіт өмірдің қадірі жайында ой қозғады.
Кездесу барысында майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, Ауған соғысына қатысты бейнефильмдер көрсетіліп, патриоттық әндер орындалды. Қатысушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, ерлік, батырлық, жауынгерлік рухты жастар арасында қалай насихаттау қажеттігі жөнінде пікір алмасты.
Шараға ШҚО аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметкерлері мен студенттер, кітапхана оқырмандары қатысты.
Кеш соңында жүргізуші ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтті. Ауған соғысындағы боздақтардың ел алдындағы адал қызметі, жауынгерлік ерлігі – шежіре болып, халықтың жадында қалады.
 

Augan 1 Augan 2 Augan 3 Augan 4 Augan 5 Augan 6
Augan 7 Augan 8 Augan 9 Augan 11 Augan 12 Augan 10

Байланыс тел.: 261333


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp