«КІТАПХАНА: ТАРИХ. БҮГІН. БОЛАШАҚ» шығармашылық байқауы
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы кітапхананың 130 жылдық мерейтойына орай шығармашылық байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты – кітапхана қызметін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халыққа кеңінен насихаттау, журналистердің, медиа өкілдерінің, блогерлердің шығармашылығын қолдау, кітапхананың қоғамдағы мәртебесін көтеруге ықпал ету.
Шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 20 ақпан мен 17 мамыр аралығында қабылданады. Байқауға облыс аумағындағы журналистер мен блогерлер қатыса алады және жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.
Байқауға республикалық және облыстық басылым, сайт, порталдарда жарияланған мақалалар және жарияланымдар қатыса алады. Яғни, А.С. Пушкин атындағы кітапхана туралы (кітапхананың өмірі, қызметі, жаңашылдығы т.б.) ақпарат жазылып, жариялануы керек. Блогерлер кітапхана туралы әлеуметтік желідегі өз парақшасында кітапхананы бірге белгілей отырып ақпарат (пост, бейнематериал) жариялап, байқауға қатыса алады. Қосымша мәліметтермен Байқау Ережесінен таныса аласыздар.
Жеңімпаздар әділқазылар шешімімен анықталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Байқау қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады. 130 жылдық тарихы бар Шығыстың бас кітапханасы журналистер мен блогерлерді шығармашылық бастамаға белсенді қатысуға шақырады.
Толық ақпарат пен өтінім қабылдау бойынша:
8 (7232) 261-333, 8 747 411 73 19








