«Мұраны жаңғырту: қазақтың ұлттық киімдерін 3D модельдеу»
Кітапханада «Наурызнама» онкүндігі аясында бірегей 3D-моделдеу шеберлік сағаты өтті. Бұл іс-шара студенттер мен қонақтарға қазақ ұлттық киімінің элементтерін кәсіби Blender бағдарламасында цифрлық түрде қайта жасауға мүмкіндік берді.
Қатысушылар шапан, бөрік, тақия, көйлек, камзол және етік сияқты киімдердің қарапайым формаларын жасау үшін Low-poly моделдеу техникасын қолданды. Киімдердің жұмсақ әрі шынайы көрінуін қамтамасыз ету үшін Subdivision Surface модификаторы қолданылып, соңында құрылымы арқылы материалдардың ерекше фактурасы мен ұлттық ою-өрнектері көрсетілді.
Ең белсенділік танытқандар – «Экономика және техника колледжі» 3-курс студенттері. Қысқа мерзім ішінде олар бірнеше қарапайым әрі эстетикалық ұлттық киім жинақтарын цифрлық форматта жасап шығарып, ата-бабалардың дәстүрін заманауи дизайн технологияларымен үйлестірді.
Бұл шеберлік сағат тек қана кәсіби дағдыларды жетілдіріп қана қоймай, ұлттық мәдени мұраны жаңғыртуға және оны заманауи цифрлық форматта сақтауға бағытталған ерекше тәжірибе болды. Студенттер мен қатысушылар өз туындыларын көріп, дәстүр мен инновацияның тамаша үйлесіміне куә болды.
| |
|
|
|
|
|








