phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Ұлттық кітап күніне орай «Түнгі студия»

Ұлттық кітап күніне орай «Түнгі студия»

2026 жылғы 20 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күні аясында «Түнгі студия» атты ерекше форматтағы тікелей эфир өтті.

Шараның басты мақсаты – кітаптың құндылығын дәріптеу, оқырман мәдениетін қалыптастыру және жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Түнгі студия барысында көрермендер кітап әлеміне терең үңіліп, жаңа туындылармен танысып, қызықты сұхбаттар мен мазмұнды пікірталастардың куәсі болды.
Эфир барысында кітапхана қызметкерлері кітап оқудың маңызы, кітап апталығы аясында өтіп жатқан іс-шаралар, жаңа әдебиеттер мен оқырман сұранысына ие кітаптар туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, кітапхана жанынан құрылған «Ой-сана» әдеби жастар клубының жұмысы таныстырылып, кітап оқудың тұлғалық дамуға әсері кеңінен сөз етілді.
Бағдарламада сондай-ақ кітап туралы қызықты деректер, әлемдік әдебиеттегі рекордтар, оқудың адам денсаулығы мен ойлау қабілетіне ықпалы жөнінде мәліметтер ұсынылды. Көрермендер үшін балалар әдебиеті, жасөспірімдерді кітап оқуға баулу жолдары, заманауи оқу форматтары туралы арнайы сұхбаттар ұйымдастырылды. Кітапханадағы жастар мен балаларға арнлаған курстар, үйірмелер жайлы толық ақпарат берілді. Ән шырқалып, поэзия оқылған рухани эфир оқырманға ерекше әсер қалдырды. Эфир барысында оқырмандардан келген әр сұраққа жауап беріліп, кітапхананың білім мен ғылымның, мәдениет пен руханияттың ордасы екендігі айтылды.


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp