phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Open Library: Ашық аспан астындағы кітапхана»

«Open Library: Ашық аспан астындағы кітапхана»

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай кітапхана алаңында «Open Library: Ашық аспан астындағы кітапхана» атты кең ауқымды мәдени-рухани шара ұйымдастырылды.

Аталған мереке – кітап пен кітапхананың қоғамдағы маңызын айшықтап, оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды бастама. Биылғы жылдың ерекшелігі – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні қатар аталып өтіп, руханият саласы қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Шара театр әртістерінің әсерлі прологымен ашылып, салтанатты бөлім барысында облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана саласының дамуына тоқталса, жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті жазушысы, Жазушылар одағының ШҚО филиалының өкілі Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев кітаптың рухани құндылығы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, облыс әкімі кітапқа деген сүйіспеншілігімен ерекшеленген «Үздік оқырмандарды» марапаттады.

Кеш барысында өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар ұсынылып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Іс-шара аясында А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы, ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы және өлкетану музейі, қолөнершілер  оқырмандарға түрлі интерактивті және танымдық локациялар ұйымдастырды.

Мерекелік шара кітапсүйер қауымға рухани серпіліс сыйлап, кітап пен білімге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.

 Open Library 2026 3  Open Library 2026 25  Open Library 2026 18  Open Library 2026 26  Open Library 2026 4  Open Library 2026 11  Open Library 2026 6
 Open Library 2026 1  Open Library 2026 28  Open Library 2026 29  Open Library 2026 15  Open Library 2026 27  Open Library 2026 17  Open Library 2026 24
 Open Library 2026 6  Open Library 2026 5  Open Library 2026 7  Open Library 2026 21  Open Library 2026 19  Open Library 2026 9  Open Library 2026 20
 Open Library 2026 14  Open Library 2026 23  Open Library 2026 9  Open Library 2026 12  Open Library 2026 8  Open Library 2026 16  Open Library 2026 22


Байланыс тел.: Ашкенова Жансая
+7 777 414 3308


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp