phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

    «SHYGYS BOOK FEST – 2026» кітап фестивалі

    «SHYGYS BOOK FEST – 2026» кітап фестивалі

    19 қыркүйек күні Өскемен қаласындағы Сағадат Нұрмағанбетов атындағы саябақта «SHYGYS BOOK FEST – 2026» кітап фестивалі өтті.

    Фестивальдің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған «Оқитын ұлт» идеясын қолдау, кітап оқуды насихаттау, жергілікті қаламгерлер мен талантты жастарға қолдау көрсету, олардың шығармашылығын көпшілікке таныстыру.
    Фестиваль барысында келушілер кітап көрмелерімен танысып қана қоймай, интерактивті ойындарға қатысып, білімдерін сынап, жаңа кітаптармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Бағдарлама аясында тақырыптық кітап көрмелері, арт-кеңістік, интеллектуалдық сайыстар, библиоквест, шығармашылық шеберлік сыныптары мен интерактивті ойын алаңдары ұйымдастырылды.
    «SHYGYS BOOK FEST – 2026» оқырман мен авторды жақындастырып, әдебиетті заманауи форматта насихаттаған ерекше мәдени алаңға айналды. Фестивальдің басты идеясы – кітап оқитын, ойлайтын, білімге ұмтылатын зерделі қоғам қалыптастыру. Өйткені кітапқа жақын ұрпақ – білімге ұмтылған ұрпақ, ал білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы.

    Fest 2 1 Fest 2 3 Fest 2 4 Fest 2 5 Fest 2 6 Fest 2 7 bookfest 2026 8
    Fest 2 9 Fest 2 10 Fest 2 11 Fest 2 12 Fest 2 13 Fest 2 14 Fest 2 15
    Fest 2 16 Fest 2 17 Fest 2 18 Fest 2 19 Fest 2 20 Fest 2 21 Fest 2 22

     


     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp