phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

    «Кәкенталдым – қасиетті мекенім»: кітабының тұсаукесері

    «Кәкенталдым – қасиетті мекенім»: кітабының тұсаукесері

    10 қазан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Өскемен қаласының тұрғыны Назигүл Уалханқызы Шағырованың «Кәкенталдым – қасиетті мекенім» атты кітабының тұсаукесері өтті.

    Кітапта автордың кіндік қаны тамған Кәкенталды ауылы, балалық шақ естеліктері, ауылдастарының өмірі мен тағдырлары баяндалады. Шығармада туған мекенге деген сүйіспеншілік пен өткенге деген құрмет көрініс тапқан.
    Кездесу барысында Назигүл Шағырова шығармашылық жолы мен кітаптың жазылу тарихына тоқталып, оқырмандармен ой бөлісті. Автордың айтуынша, туған ауыл туралы жазу – балалық шаққа оралу ғана емес, өзі өскен ортаның шежіресін сақтап, елге еңбегі сіңген жандардың өнегелі өмірін дәріптеудің жолы.
    Назигүл Уалханқызы бұған дейін «Өмір өткелдері» және «Қызыма хат» атты кітаптарын жарыққа шығарған. Жаңа туындысы да автордың өмірлік тәжірибесі мен рухани ізденістерінің жалғасы іспетті.
    «Кәкенталдым – қасиетті мекенім» кітабы – туған ауылдың тарихын, адамдары мен естеліктерін арқау еткен тағылымды еңбек.
    Тұсаукесерге қатысқан қонақтар авторды жаңа кітабының жарық көруімен құттықтап, шығармашылық еңбегіне ізгі тілектерін білдірді.

    Kakental 1 Kakental 2 Kakental 3 Kakental 5 Kakental 6 Kakental 7
    Kakental 8 Kakental 9 Kakental 11 Kakental 12 Kakental 13 Kakental 10

     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp