phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Archive

Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық

Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық

Рекордтық нәтиже – 7 желтоқсанда Zoom платформасында өткен «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» циклінің алғашқы вебинарына Қазақстанның түрлі өңірлерінің әртүрлі ведомство кітапханаларынан 800-ден астам қатысушы жиналды.

Жоба АҚШ Мемлекеттік департаментінің Мәдени және білім беру бағдарламалары Бюросының Американдық бұрыштар бағдарламасы көмегімен жүзеге асырылады. А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бастамасы, мақсатының бірі – Қазақстан кітапханаларының әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануына ықпал ету болып табылатын «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің жұмысы аясында іске аспақ. Жобаның тағы бір серіктесі – мүшелері алдағы вебинарлардың спикерлері болатын Американдық кітапханалар қауымдастығы.
Жобаның ашылу салтанатына АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің Қоғамдық дипломатия бөлімінің мәдениет атташесі Эмбер Ора, Американдық кітапханалар қауымдастығының Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Майкл Доулинг (Мичиган, АҚШ) қатысты. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріне синхронды аударма ұйымдастырылды, оны жұмыс тәжірибесі мол кәсіби аудармашылар А. Кабардина, Д. Боранбаев, Ж. Алтынбеков сәтті жүзеге асырды.
Бірінші вебинар спикерлері кітапхана мамандары арасында медиасауаттылық пен оның принциптерін тарату іс-шараларына қатысушылар ретінде Американың кітапхана қауымдастығына танымал мамандар. Эмбер Конгер – Оңтүстік Каролина, Лексингтондағы Лексингтон округі кітапханасы директорының орынбасары. Оңтүстік Каролина Кітапханалар қауымдастығының президенті (2017), Оңтүстік Каролинаның Көрнекті кітапханашысы (2018), Теннесси Университетінің Ақпараттық ғылымдар мектебінің «Инноватор түлектер сыйлығының» иегері. Кристен Калверт – Техас штатындағы Далластың Орталық ауданындағы мемлекеттік көпшілік кітапханалар жүйесінің Эрик Йонссон Орталық кітапханасының меңгерушісі. Кітапхана қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламалары мен тренингтер өткізеді.
Екі сағатқа созылған вебинарда спикерлер медиасауаттылық, оның тұжырымдамасын түсіну, кітапхананың күнделікті тәжірибесінде қолдану саласындағы американдық кітапханалардың тәжірибесімен таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жоба 2023 жылы да жалғасын табады, вебинарлар аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар кітапханашыларға арнап мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды әдістемелік құрал шығаруды жоспарлап отыр.

media1 1 media1 2 media1 3 media1 4

Байланыс үшін: +7 777 382 6724 , Бибігүл Шағиева


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp