phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Archive

    Облыстың ауылдық кітапханалары үшін заманауи әдебиеттерді  сатып алу

    Облыстың ауылдық кітапханалары үшін заманауи әдебиеттерді сатып алу

    Жыл сайын облыс кітапханалары қорын толықтыру мақсатында облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, облыстық, аудан, ауылдық кітапхана қорлары жаңа басылымдармен толығады. 

    Қорды толықтыру оқырман сұранысы және кітап нарығындағы оқырманның оң бағасын алған жаңа басылымдар негізінде іске асады. Ол үшін оқырмандар арасында сауалнама жүргізіліп, кітапхана сайтына келіп түскен тапсырыстар,  әлеуметтік желі беттеріндегі оқырмандар пікірлері есепке алынады. 

    Қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие «Big Dream» баспасының  балаларға арналған толықтырылған 3D, 4D шынайылық кітаптары, «Stepp & World Publishing» баспасының әлем әдебиетінің үздік туындыларының қазақ тіліндегі аудармалары, енді жарық көріп жатқан саммари нон-фикшн кітаптарын атап өтуге болады. Әлемдік бестселлер кітаптарды қазақ тілінде сөйлеткен «Mazmundama» баспасының рөлі ерекше. «Алтын сақа», «Orda Generation» баспасынан шыққан кітаптарды тек балалар ғана емес, ата-аналар мен бастауыш сынып мұғалімдері де көмекші құрал ретінде пайдалана алады. Сұранысқа ие бұл баспалардың қатарында бұрыннан келе жатқан елімізге танымал «Фолиант», «Аруна» баспаларының кітаптары да ерекше орын алады.

     Кітаптар 4  Кітаптар 3  IMG 0651  Кітаптар 5  Кітаптар 9

     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp