phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Projects

«Ашық қала»

«Ашық қала» серіктестік жобасына - Сорос - Қазақстан Қоры қолдау берген(ақпан, 2002). Жобаның серіктестері - «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Орталығы» қоғамдық қоры, Өскемен қаласының әкімдігі. Бұл Қазақстандағы құнды, тұңғыш және бірегей жоба.

Жобаның идеясы - «халық - өкімет» арасында ақпарат алмасу механизмін тиімді түрде әзірлеу, электрондық үкімет құру және электрондық демократия үшін жағдайлар жасау. Жоба барысында Желіде Өскемен қаласының ресми сайты әзірленіп, жарияланды. Сайттың ерекшелігі- «Сұрақтар мен жауаптар» айдары арқылы тұрғылықты халықтың Интернет арқылы өкіметпен өзара сұхбатын қалыптастыру. Жоба үлкен жетістікпен дамып отыр. Оның екінші кезеңінде біз жобаға қатысушыларды, мемлекеттік қызметкерлерді, КМС,КСК мамандарын, НПО мүшелерін, жергілікті қауымдастық өкілдерін компьютер мен Интернетте жұмыс істеуге оқытып-үйреттік. Біздің қаламыздың ресми сайтын пайдаланудың екі ақысыз Орталығы құрылды. Ол орталықтың бірі біздің кітапханада. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқыту семинарлары мен тренингтер жалғасуда. Олардың назары электрондық үкімет және электрондқ демократия, мемлекеттік он-лайн қызмет көрсетуді қалыптастыру тәрізді білім алуға көбірек ауып отыр. Жоба туралы толығымен Өскемен қаласының ресми веб-сайтынан біле аласыз.


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp