Біздің кітапханада Интернет-кластың ашылуына Электрондық почта және Интернет" деп аталатын жобаның әсері болды. 1997 жылдың қаңтарында біз Сорос-Қазақстан Қорының кітапхананы Интернетке және электрондық почтаға қосуға ұсынған грантын алдық. Бұл жобаның аясында із екі компьютер және модем алдық. нтернет-кластың ашылуы алғашқы жобаның логикалық жалғасы болды. Интернет-класс жобасын жүзеге асыруға арналған Евразия Қорының грантын Америка Құрама Штаттарын дамыту (USAID). жөніндегі Агенттігі ұсынды. Біз 5 жұмыс станциясын, 64 кб./сек. жылдамдықтағы арнайы желі, принтер, ксерокөшірме алдық. Осылайша кітапханада Интернет – зал жұмыс істей бастады.
Қазіргі күні бұл жоба зор жетістікпен жұмысын жалғастыруда. Компьютерлер паркі 10ға жетті, сканер алынды, интернетті пайдалану 512 мб/сек. жылдамдыққа көтерілді. Ұсынылатын қызмет түрлерінің спектрі кеңейді. Интернетті пайдалану, Желіден ақпарат іздеу және электрондық почтамен қатар қызметтің жаңа түрлері пайда болды. Бұлар: құжаттарды электрондық түрде жеткізу, ақпараттық және оқытып-үйрету семинарлары, Өскемен қаласының ресми сайтын пайдалану орталығы т.б.
Интернет – залдың барлық қызметкерлері тренерлік дағдыны меңгерді және олар компьютерде, Интернетте жұмыс істеу негіздерін үйретеді, арнайы тақырыптық семинарлар жүргізеді.