20 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында облыстық "Рудный Алтай" газетінің ардагерлері мен журналистері филология және журналистика факультетінің студенттерімен кездесті.
Мерекелік кездесу Шығыс Қазақстанның ең көне әрі беделді мерзімді басылымдарының бірі – «Рудный Алтай» газетінің 105 жылдығына арналды.
"Рудный Алтай" қоғамдық-саяси газетінің алғашқы нөмірі 1918 жылы 10 сәуірде жарық көрді. Ол кезде газет "Голос Алтая" деп аталды. Содан бері басылымның атауы да бірнеше рет өзгерді. Ол 1963 жылдың 1 мамырынан бастап газет «Рудный Алтай» деп аталды.
Кездесу барысында қонақтар газет тарихына үңіліп, газеттің раритет тігінділетін парақтап, өткен ғасырдың 40-шы, 50-ші, 60-шы жылдарындағы газет беттеріндегі жазбалармен танысты.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар «Рудный Алтай» газетінің ардагерлерімен және қазіргі еңбек етіп жүрген журналистермен кездесіп, мамандыққа газет шығарушылар көзімен қарап, шебер қаламгерлердің қызықты әңгімелерін тыңдап, журналистиканың болашағы туралы кәсіби мамандармен пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Координатор: Марина Максимова,
Байланыс тел.: 261-333 (123)