phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Ауылдан Алматыға дейін»: шығармашылық кеш

«Ауылдан Алматыға дейін»: шығармашылық кеш

23 шілде күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Ауылдан Алматыға дейін» атты тағылымды шығармашылық кеші өтті. Шараның басты қонағы – Атырау өңірінің тумасы, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі айтыскер ақын Шалқарбай Сайлаубайұлы Ізбасаров.

Рухани кешті Шығыс өңірінің ақтаңгер ақыны Серік Қуанған жүргізіп, сөз өнерінің қадірін білетін қауымның басын біріктірді. Атыраудан Алтайдың асқарлы төріне арнайы ат басын бұрған арда азаматқа ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Самат Берікболұлы Қасеновтің атынан арнайы құттықтау хаты табысталды.
Сонымен қатар, ақынның шашбауын көтере келген Атырау облысы білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Бердібек Еркінбекұлы сөз сөйлеп, Шығыс еліне Атырау жұртшылығының ыстық сәлемін жеткізді.
Кездесу барысында Шалқарбай Сайлаубайұлы өзінің балалық шағынан бастап, үлкен өнердегі, айтыс сахнасындағы дара жолы мен өмірлік ұстанымдары туралы сыр шертті. Оқырман қауыммен еркін форматта өрбіген сұхбат кезінде ақын толғандырған сауалдарға тұщымды жауап беріп, өз шығармашылығынан өлеңдер оқып берді. Кеш көркін ақынның сөзіне жазылған әуезді әндер аша түсті.
Шараның тағы бір маңызды оқиғасы – автордың «Шабытты шақтар» атты екі томдық айтыстар жинағының ресми таныстырылымы. Бұл жинақ – ақынның жылдар бойғы төгілген тер мен төл өнерімізге қосқан үлкен үлесінің айғағы.
Алтай мен Атырау арасындағы бұл рухани көпір сөз қадірін ұғатын әрбір жүрекке ерекше тебіреніс сыйлады.
Сөз өнерін ұлықтап, ұлттық рухты асқақтатқан бұл мазмұнды кеш өскемендік көрермендердің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді.

Shalqarbai 1 Shalqarbai 2 Shalqarbai 4 Shalqarbai 5 Shalqarbai 6 Shalqarbai 7 Shalqarbai 8
Shalqarbai 9 Shalqarbai 10 Shalqarbai 11 Shalqarbai 12 Shalqarbai 13 Shalqarbai 14 Shalqarbai 15

 

Байланыс телефоны: +7 705 624 1725, Абылгазинова Г.


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp