phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Кең жүректі халықпыз

Кең жүректі халықпыз

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты интерактивті әдебиеттер көрмесін ұсынады.

Түрлі тарихи себептермен қазақ жеріне қоныс аударған ұлттар, бірегей саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халқы Ассамблеясы, елімізде ең алғаш болып біздің облысымызда ашылған Достық үйі, түрлі ұлт диаспоралары жайлы мазмұнды деректер көрменің «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем» атты бөлімінен орын алған. «Қазақстан халқының ассамблеясы», «Достық үйі. Шығыс Қазақстан», «Бірлігі жарасқан біздің үй» және т.б. сынды кітаптар мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар бөлім тақырыбын толықтыра түседі.
Ал көрменің Қ. Еламановтың «Шаңырақ пен пырақ», «Тағдырлары табыстырған халықпыз», «Моя планета – Казахстан», «Қазақстан – қарашаңырағым», Ж. Артықбаевтың «Қазақстан өзбектері» және т.б. тәрізді әдебиеттер орын алған «Мәңгілік дәстүр мен салт-сананың сабақтастығы» атты келесі бөлімі түрлі этностардың діні мен ділі, сaлт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнері, ұлттық ойындaры мен тaғaмдaры туралы мол мағлұмат береді.
Халықтың сан қилы тағдырын, бүгінге дейінгі жүріп өткен жолын білгісі келген адам әуелі оның тарихына, әдебиетіне үңіледі. «Қазақстан халқының әдебиеті» бөлімінде оқырманның сүйікті шығармасына айналған көркем әдебиет туындыларымен қатар Г. Бельгердің «Гармония духа», «Земля моей чести», Р. Бадовскидің «Қазақстанды жырлаған поляктар», А. Янушкевичтің «Қазақ даласына сапар туралы жазбалар», Н. Коншиннің «Труды по казахской этнографии», Х. Кучинскидің «Дала мен адам» сынды басылымдары топтастырылған.
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай отырып, кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!

1may 1 1may 3 1may 4 1may 5 1may 6

Байланыс тел.: 261-333


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp