phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
DosAI – Қазақстандағы тұңғыш кітапханалық нейро-ассистенттің таныстырылымы

DosAI – Қазақстандағы тұңғыш кітапханалық нейро-ассистенттің таныстырылымы

7 ақпан күні А.С.  Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстандағы алғашқы кітапханалық нейро-ассистент – DosAI-дың таныстырылымы өтті.

Тұсаукесерге аудан, қала кітапханашылары, IT саласынының мамандары, студенттер, білім мен мәдениеттегі инновацияларға қызығушылық танытқан қала тұрғындары қатысты.

Шара барысында  инновациялық ассистенттің әзірлеушісі – кітапхана волонтері, кітапханадан тәжірибе өтуші, Өскемен экономика және техника колледжінің студенті – Кушнарев Денис қатысушыларды нейро-ассистентпен толық таныстырды.

Қонақтар жобамен танысып, кітапхана кеңесшілерінің көмегімен DosAI қызметін тестілеп көріп,  нейро-ассистенттің жұмысына өз бағаларын берді.

DosAI сандық ассистенті кітапхананың негізгі сайтына (www.pushkinlibrary.kz) біріктіріліп, пайдаланушылардың сұрақтарына жедел жауап беріп, қажетті ақпаратты табуға, кітаптарды таңдауға, пайдаланушының қалауын саралап, оның қалауынан шығатын кітаптарды  ұсынуға көмектесіп, пайдаланушылардың сандық сауаттылығын арттырады. Мысалы, DosAI кітапхананың жұмыс тәртібі туралы, қалай кітапхана оқырманы болуға болады, ағымдағы іс-шаралар, кітапханада жұмыс істейтін үйірмелер мен клубтар, кітапхананың қандай ресурстарынан өлкетану сипатындағы ақпаратты табуға болады және басқа да сұрақтарға жедел түрде жауап береді.

Тілеубекова Назым Ерназарқызы, кітапхана директоры:

«Кітапхананың нейро-ассистенті пайдаланушылардың кітапханамен күнделікті қарым-қатынасында таптырмас көмекшіге айналып, оны мүмкіндігінше ыңғайлы әрі тиімді ете түседі. Қажетті әдебиеттер мен ақпаратты іздеудің ыңғайлылығы мен тиімділігін арттыруға, кітапхана ресурстарының қолжетімділігін дамытуға мүмкіндік береді. Электрондық каталог, жинақтар және т.б. қамтитын ақпараттық-кітапханалық өнімдер мен қызметтерді ілгерілетудің таптырмас құралы болмақ». 

 DosAi 4  DosAi 7  DosAi 8  DosAi 9  DosAi 1  DosAi 5
 DosAi 2  DosAi 3  DosAi 10  DosAi 11  DosAi 12  DosAi 15
           

Байланыс тел.:  26-13-33 (123)


 DosAI

 old site

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp