Еңбек адамы – ел мақтанышы
Кітапханада Халықаралық әйелдер күніне және «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты шара өтті.
Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп келеді. Бүгінгі замауи әйел бейнесі – іскер, басшы, қызметкер, кәсіпкер сынды лауазыммен толыққан. Олар бала тәрбиелеп қана қоймай, кез келген мамандықты игеріп, жетістіктерге жетіп, табысқа кенелуде, талай-талай асу алып, биік белесті бағындыруда.
Қаламыздағы сәні мен сымбаты үйлескен «Ісмер қыз», «Іскер қыз», «Сәнгер қыз», «Шаштараз қыз», «Бүркітші қыз», «Аңшы қыз», «Әскери қыз» «Аспаз қыз», «Әскери қыз», «Ұстаз қыз», «Тігінші қыз», «Психолог қыз» сынды мамандық иелері кітапхана бас қосып, дөңгелек үстел басында сұхбат құрды.
Шараның мақсаты - әрбір мамандықтың маңыздылығын атап өту, қазақ қыздарының қандай белесті болса да бағындыра алатын қайсарлығын дәріптеу. Кез келген қызмет саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген жерлестеріміздің асыл қасиеттерін үлгі ете отырып, нәзікжандылардың беделін көтеру.
Шараға қатысқан ханымдар ақжарма тілектерін ақтарып, әсем әндерін әуелетіп, шараның көркін қыздырды. Мереке қарсаңында өткен шара барша ханымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Байланысшы: Абылғазинова Г. Т.
Тел.: 26-13-33