phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

ТҰЛҒА.ТАҒДЫР.ТАҒЫЛЫМ: 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

ТҰЛҒА.ТАҒДЫР.ТАҒЫЛЫМ: 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «ТҰЛҒА.ТАҒДЫР.ТАҒЫЛЫМ» атты әдебиеттер көрмесі жасақталды.

Кітап көрмесінен орын алған түрлі басылымдар, зерттеу материалдары, құжаттар, көркем әдеби шығармалар қазақ халқының тарихындағы ең қасіретті жылдар – XX ғасырдың 1921 және 1931-1933 жылдар аумағын қамтыған ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңін суреттеп, баяндайды.
Ашаршылық нәубетінің қайғылы себеп-салдары «1928-1934 қазақ ауылының қасіреті», Т. Омарбековтың «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті» еңбегі, М. Әбдәкімұлының «Зобалаң» атты деректі романында, В. Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі» деректі шығармасында толық суреттелсе, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағат қорының түпнұсқа құжаттық материалдары жинақталған, М.Қ. Қойгелдиевтің редакциясымен жарық көрген «Красный террор: Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихынан» жинағында, «Сталин: 1937-38 ату тізімі», «1937-1938 жылдардағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін», «1930-35 жылдардағы жер аудару тарихынан», байырғы журналист, Ұлы отан соғысының ардагері Меңғали Мусиннің «Түнекте тұншыққандар» бұл жинаққа тарихымыздың белгілі кезеңінде болған саяси қуғын-сүргіннің құрбандары бастан кешіргендері тақырыбына жазылған очерктер, хикаяттар топтастырылған.
2022 жылы шыққан жинақтар 33 томдық «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары», «Қазақстандағы 1930-шы жылдардағы жаппай ашаршылық және қазақтардың шектес аумақтарға мәжбүрлі қоныс аударуы: Заманауи түсіну және ғылыми бағалау мәселелері» «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық құқықтық және саяси оңалтудың ғылыми-әдістемелік негіздері: Саяси қуғын-сүргін құрбандарының жаңа санаттары», «ХХ ғасырдығ 20-50 жылдарындағы Орта Азия республикалары аумағындағы қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргін (Жаңа мұрағат деректері аясында)» , еңбектерінде ұсынылған.
Көрменің бір бөлімі өз елінің азат болашағы үшін күрес жолында жанын беріп, «Үлкен террордың» құрсауына ілініп «халық жауы», «ұлтшыл» атанған Алашордашыларға арналады: Қазақстанның ғылыми және әдеби қоғамдастығының пікірінше Алаш қозғалысы туралы үздік кітап деп танылған Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным-Алаш!", Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен қызметін тұңғыш рет мұрағат құжаттары, «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» жинаққа шетелдердегі архивтерден, кітапханалардың сирек қолжазбалар қорынан алынған Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлердің еңбектері, оларға қатысты құжаттар енгізілген, фактілерге сүйене отырып қайта жаңғыртқан Сұлтан Хан Аққұлының «Әлихан Бөкейхан Қазақ жерін жоқшысы» екі томдық жинағы, Алашорда үкіметінің Шығыс бөлімі туралы бай мұрағаттық материалдар берілген «Шығыс Алаш орда» кітабы, алғашқы «Қазақ елінің Уставын» жасаушы көрнекті қайраткер Барлыбек Сырттанұлының өмірі мен қызметіне арналған «Барлыбек Сырттанұлы» және қызметімен халқы үшін ғылыми-мәдени құндылықтар мен тәуелсіздіктің рухани негізін ашып, мұра еткен әкелі-балалы Мұхамедхан Сейітқұлов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған кітаптар т.б. басылымдар. Әдебиеттер экспозициясынан орын алған Карлаг лагерінде айдауда болған саяси қуғын-сүргін құрбандары – қылқалам шеберлерінің туындылары топтастырылған «Карлагтың қара қарындашымен...» еңбегі де оқырманның ерекше қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы ерекше тұлға, ол мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы. Көрмеге Алаш қайраткерінің «Ақ жол», «Қазағым, елім» және т.б. кітаптар қойылды.
Биыл ақын, ағартушы, аудармашы, публицист Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады «Түркі дүниесіне ортақ тұлға» бұл туындыда Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ зиялыларының және Мағжан шығармашылығының қуғындау тарихы, қазақ тарихнамасы үшін маңызды Түркия мемлекетінде жасалған зерттеулер, және тақырыпқа қатысты архив деректері ұсынылған.
Шәкәрім: «Мұтылғанның» тағдыры кітапында ХIХ ғасырдың соңғы бөлігінде және ХХ ғасырдың 1931 жылына дейін өмір сүрген аса ірі ақын, үлкен ойшыл философ, ғалым Шәкерім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен мол әдеби мұрасына қатысты зерттеулер және қайғылы қазасы жөніндегі естеліктер жинақталып отыр.
Ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдарының нағыз қасіретін нәубеттен аман қалған куәгерлердің естеліктерінен көруге болады. «Жоқтау» жинағында репрессияланған қазақстандықтардың балаларының естеліктері жинақталған.
«Әулие –ата өңіріндегі ашаршылық. Көп томдық жинақ» Бұл туындыда «ХХ ғасырдың 30-жылдарының басындағы жаппай ашаршылық кезіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі» тарихына арналған.
Көрмеден қуғын-сүргін жылдарының Шығыс Қазақстан өлкесіне әсері жайлы да еңбектерді табуға болады. «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» кітабында ұсынылған мұрағаттық құжаттарда Шығыс Қазақстан қазақтарының Қытайға көшуі егжей-тегжейлі суреттелсе, «Книга скорби» кітабында алғаш рет саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының тізімі жарияланған.»
Баршаңызды тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен сыр шертетін кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!

repr 1 repr 2 repr 3 repr 4 repr 5

 

Байланыс тел.: 261-333 (119)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp