phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Француз тілі – оңай әрі жеңіл!» жаңадан бастаушыларға арналған  француз тілін үйрену клубы

«Француз тілі – оңай әрі жеңіл!» жаңадан бастаушыларға арналған француз тілін үйрену клубы

А. С. Пушкин атындағы кітапхананың Француз оқу залы 2003 жылы Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен ашылып, кітапхана қорына француз тіліндегі оқу және көркем әдебиеттер, сөздіктер, анықтамалықтар мен журналдар тапсырылған болатын. Сол уақыттан бері жыл сайын біздің топтама француз тіліне құштар оқырмандарын асыға күтетін жаңа басылымдармен толығуда.

Француз оқу залы – тек кітаптар ғана емес, мұнда 10 жылдан астам уақыт бойы «Француз тілі – оңай әрі жеңіл» клубы белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Клуб француз тілі мен мәдениетіне қызығушылық танытатын оқушылардан бастап егде жастағы адамдарға дейінгі қатысушылардың басын қосатын көңілді әрі өзін-өзі дамыту орны. Олардың қызығушылығы немен байланысты дейсіз ғой? Біреу болашақта Францияда оқығысы келеді, біреу саяхаттағысы келеді, біреу болашақ мамандығын француз тілімен байланыстырғысы келеді, ал енді біреулер мектепте француз тілін үйренген және қазір білімін одан әрі жетілдіргісі келеді немесе жай ғана осы әдемі тілге қызығып, өзі үшін үйренеді.

Француз тілін үйрену қиын ба? Ағылшын тілінен қиын емес, тіпті, кейде одан да оңай. Ең бастысы – дұрыс мотивациямен бастау. Егер сіз француз тілін үйрене бастасаңыз, оның көпқырлылығы мен бірегейлігін сезінетін боласыз.

Біздің клубтың ерекшелігі неде? Клуб – қатаң теориялық ережелер мен зеріктіретін грамматикалық жаттығуларды ұнатпайтындарға арналған. Біз француз тілін жеңіл әрі қуана үйренеміз. Курс барысында ән шырқаймыз, ойын ойнаймыз, фильмдер тамашалаймыз.

Курсқа кітапханаға келіп немесе 261-333 телефоны арқылы жазылуға болады. Сабақтар қыркүйектен мамыр айына дейінгі аралықта өтеді.

Біздің клуб барлығына ашық, француз тілін бірге үйренейік! 

 Французский язык 1  Французский язык 2  Французский язык 6  Французский язык 4  Французский язык 9  

 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp