phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Тіл-татулық тірегі

Тіл-татулық тірегі

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгені баршамызға белгілі.

Осыған орай А.С. Пушкин атындағы кітапхана «Тіл-татулық тірегі…» атты әдебиеттер көрмесін ұсынады.

Көрменің бір бөлімі белгілі Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің ірге тасын қалаған алғашқы адам – Ахмет Байтұрсыновқа арналған. Аса көрнекті ұлт қайраткеріне арналған кітаптар, мәселен «Ахмет Байтұрсынұлына арналған энциклопедиясы» қаламгердің өмірі, қызметі, шығамашылығы туралы көптеген ақпарат береді.

Тіл тарихына, тіл біліміне, тілдің мәдениетаралық коммуникациясына, қазақ тіліне арналған жаттығу журналдары, тілдің философиясы, сөзтүзер, қазақ тілі теориясының негіздері және көптеген қазақ тіл білімінің мәселелері жайлы құнды ақпараттарды біле аласыздар. Мәселен Евразия Ұлттық Университетінің профессоры Ескеева М.Қ-ның «Түркі тілдері жүйесіндегі қазақ тілінің тарихи орны» Монографиялық зерттеу өзінің этнос ретінде қалыптасу жолында сан ғасырға созылған түрлі субъэтникалық процестерді басынан өткізген қазақ халқы тілінің түркі тілдері жүйесіндегі тарихи орнын көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі бір буынды түбірлер мен түбір-негіздердің қазақ тіліндегі сақталу ерекшеліктері негізінде және қазақ тілінің ең жаңа тілдер қатарына жатқызылуының басты критерийі сәйкестігінің қазақ тіліндегі табиғаты арқылы айқындауға бағытталған. 

 Тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты, профессор әмеди Хасеновтың «Тіл білімі» кітабынан тіл білімін, тілдің - жүйесі мен құрылымын, лексика жүйесі мен құрамын, этимология, классификациясын, типологиялық классификациясын біле аласыздар!

Қазақтың көрнекті ғалымдарының бірі С. Аманжолов 1901 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Қалбаның бауыры Егінсу деген жерде туған. Дархандық даласынан,парасаттық бабаларынан дарыған ғалым, педагог Сәрсен Аманжолұлының қазақ этногенезі, археологиясы, тарихы, әдебиеті тіл және ұшан – теңіз еңбектері – халқымыздың мәдени байлығы атап айсақ «Қазақ тілі теориясының негіздері» үш бөлімнен тұратын кітап Ана тілі, тіл білімі, әдеби тіл, терминология және аударма, грамматикалық құрылыс, тіл тприхы тақырыптарын қамтиды.

 Құрметті оқырмандар,әріптестер,  баршаңызды  Қазақстан халқы тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Тіл мерекесі 1  Тіл мерекесі 2  Тіл мерекесі 3  Тіл мерекесі 5  Тіл мерекесі 4

 

 

 


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp