«Жақыныңды жоғалтпашы...» жазушы Әкім Ысқақпен кездесу
Кітапханада Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісі бірінші шақырылымының депутаты, қазақ тілінде тұңғыш жазылған заңның авторы, халықаралық Журналистер, Қазақстан Жазушылар, Композиторлар Одақтарының мүшесі Әкім Ысқақпен кездесу өтті.
Ә.Ысқақ ақын, жазушы, журналист, сазгер, сатирик ретінде республика жұртшылығына аты мәлім, қаламы қарымды қаламгер. Түрлі жанрдағы отыздан астам кітаптың авторы, елге танымал «Көңіл қымбат», «Соңғы вальс», «Көк тудың желбірегені», «Әдемі-ай» әндерінің авторы.
Тұңғыш қазақ тілінде, «Халықтың көші-қоны туралы» заңын жазған депутат ретінде Әкім ағамыздың есімі тарихта қалды. Осы заңның арқасында алыс және жақын шетелдерден 300 мыңға жуық отбасы көшіп келіп, 1 миллионнан аса қандастарымыз атамекенге оралды.
Астана қаласынан шырайлы Шығысқа арнайы келген Әкім ағамыз шығыстық оқырмандарымен жүздесті, ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Әкім Ысқақтың екі ауыз есті сөзін тыңдайық деп, қара сөздің қадірін түсініп, бағалайтын өскемендік оқырмандар жиналған іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.
| |
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|




















