phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы...

Алаштың айбыны – Бауыржан Момышұлы...

2025 жылғы 19 желтоқсанда кітапханада Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, көрнекті жазушы әрі әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған патриоттық сағат өтті.

Шара ШҚО аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – батырдың ерлігін дәріптеу, әскери-патриоттық тәрбиені нығайту, жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастыру.

Кеш барысында батырдың өмірі мен жауынгерлік жолына арналған баяндамалар тыңдалды. Атап айтқанда, «Офицердің жауынгерлік іс-қимылы мен көшбасшылығы. Ұрыстың аяқталуына командир шешімінің әсері», «Б.Момышұлының жауынгерлік тәжірибесі командирлер мен бөлімшелерді даярлауды жетілдіру құралы ретінде», «Сержант – сарбаздар үшін үлгі. Көшбасшылыққа алғашқы қадамдарым» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар ұсынылды.

Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының өмір жолына арналған бейнематериалдар көрсетіліп, патриоттық әндер орындалды, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара батырдың ерлігі – елге мұра, ұрпаққа үлгі екені туралы тағылымды оймен қорытындыланды.

 Momyşūly 1  Momyşūly 2  Momyşūly 3  Momyşūly 4  Momyşūly 7  Momyşūly 6  Momyşūly

 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp