phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
"Ұлы даланың Ұлы тұлғалары": мерейтойлық энциклопедия – 2026

"Ұлы даланың Ұлы тұлғалары": мерейтойлық энциклопедия – 2026

29 қаңтар күні  кітапханада өткен «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» дәстүрлі интерактивті әдебиеттер экспозициясының ашылуы биылғы жылдың атаулы күндері мен мерейгер танымал тұлғаларға арналды.

Облыс өміріндегі басты оқиғалар мен өңірімізге еңбегі сіңген мерейтой иелерін арқау еткен көрме бірнеше бөлімнен тұрады.  

Мерейгер-мемлекет қайраткерлеріне арналған «Ұлт перзенті» бөлімінің көшбасынан қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханов, ақын, қоғам қайраткері, тілтанушы, Қазақстан халық жазушысы Олжас Сүлейменов, тұңғыш қазақ математик-профессоры, қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі Әлімхан Ермеков, тағы да басқа мерейтой иелері орын алған. 

Сонымен қатар, Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл, «Ақиқат» журналының жарыққа шыққанына 105 жыл, Қазақ радиосына 105 жыл және т.б. тарихи даталар аталып өтіледі.

«Өмір жырын шерте білген» бөлімінде қазақ халқының әдеби мұрасына сүбелі үлес қосқан қарымды қаламгерлер, жерлес ақын-жазушылар туралы мазмұнды да қызықты ақпарат жинақталған. Бөлім көрнекті тұлғалар – халық ақыны, жыршы Жамбыл Жабаев; ақын, жазушы, аудармашы Мұқағали Мақатаев; текстолог-ғалым, ғылыми абайтанудың негізін қалаушы, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ КСР-нің алғашқы Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедханов; Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қабдеш Жұмаділов; ақын, драматург, аудармашы, киносценарист, баспагер, қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаев; ақын, Абай Құнанбайұлының үлкен ұлы Ақылбай Құнанбаев тәрізді ұлы тұлғалардан бастау алады. 

Халық жүрегінен мәңгі орын алған күйші-композитор, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісова; композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы Ілия Жақанов; кинорежиссер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаев; ақын, аудармашы, киносценарист, кинорежиссер, опера әншілері, КСРО және Қазақстанның халық әртістері Ришат және Мүсілім Абдуллиндер; әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі Дауыл Қайроллин; опера әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаев; әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышев; композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Кеңес Дүйсекеев; киноактриса, халық әртісі Фарида Шәріпова; опера және камералық әнші, музыкалық педагог, халық әртісі Әлібек Дінішев; музыкатанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Аравин; актер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов сынды талантты тұлғалар жайлы көрменің «Өнермен өрілген өмір» бөлімі сыр шертті.

Көрменің «Өр Алтайда ізі қалған тұлғалар» бөлімі тағдыры Шығыс Қазақстан өлкесімен тығыз байланысты мерейгерлерге арналды. Бұл бөлімде журналист, ақын Есет Әукебаев; жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кәдірбек Сегізбаев;  жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқаров; жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғазиз Сапаев; педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  ШҚО Ұлан ауданының тумасы Күләш Құнантаева; жазушы, Өскемен қаласының тумасы Александр Волков; жазушы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Алтай ауданының тумасы Александр Егоров; жазушы, Ефим Пермитин; журналист, Қазақстанның еңбек  сіңірген  мәдениет қайраткері, ШҚО Ұлан ауданының тумасы Жұмаділ Әділбаев; ақын, Шығыс Қазақстан облысының «Звено Алтая» қоғамдық әдеби бірлестігінің басшысы Наталья Матвеева; тарихшы-өлкетанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Николай Алексеенко; жазушы, журналист, аудармашы Кеңес Юсуп; жазушы, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы Ахмет Жүнісов; тарихшы, «Парасат» орденінің иегері Керейхан Аманжолов; тарих ғылымдарының докторы, профессор Советхан Игібаев; журналист, өлкетанушы Иван Макеев, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Бағдат Шаяхметов; жазушы Талаптан Ахметжан және т.б. бар.

Сонымен қатар, өңір үшін өзіндік орны бар облыстық «Дидар» газетінің шыққанына 95 жыл,  Шығыстың бас кітапханасы – А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ашылғанына 130 жыл, Зайсан қаласында алғашқы кітапхананың ашылғанына 130 жыл, Өскемен қаласында Жамбыл атындағы облыстық драма театрының (қазіргі Шығыс Қазақстан облыстық драма театры) құрылғанына 90 жыл, ШҚО Абыралы ауданы шаруаларының күштеп ұжымдастыру және артық иемдену саясатына қарсы Абыралы көтерілісіне 95 жыл тәрізді атаулы күндер де күнтізбеден орын алған.

Көрменің ашылуы салтанатты форматта өтіп, шақырылған қонақтардың қатысуымен және музыкалық құттықтаулармен сүйемелденді. Іс-шара соңында әрбір келушіге 2026 жылға арналған өзіне тән жеке сөз-бағдарын таңдауға мүмкіндік беретін интерактив ұсынылды. Бұл – ішкі таңдау, жауапкершілік және алға ұмтылыстың символы.

Көрме 2026 жыл бойы жұмыс істеп, кітапхананың мерейтойлық және естелік күндер күнтізбесімен үндесе отырып, ой мен жады, рухани сұхбат алаңы болып қала береді.     

 Körme ensiklopedia 1  Körme ensiklopedia 4  Körme ensiklopedia 3  Körme ensiklopedia 6  Körme ensiklopedia 7  Körme ensiklopedia 13
 Körme ensiklopedia 14  Körme ensiklopedia 5  Körme ensiklopedia 15  Körme ensiklopedia 12  Körme ensiklopedia 10  Körme ensiklopedia 16
 Körme ensiklopedia 2  Körme ensiklopedia 9  Körme ensiklopedia 18  Körme ensiklopedia 11  Körme ensiklopedia 19  Körme ensiklopedia 17

    


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp