phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

Алғашқы медициналық көмек көрсету курсына шақырамыз

Алғашқы медициналық көмек көрсету курсына шақырамыз

А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана жанындағы Өскеменнің американдық бұрышы АҚШ елшілігімен бірлесіп алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша гранттық курс-жобаны іске қосады.

Курстың мақсатты аудиториясы: білім беру саласының адамдары (мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, балалар үйінің қызметкерлері), әлеуметтік қызметкерлер.


Курстың жаттықтырушылары:
1. Резидент дәрігер невропатолог
2. Резидент дәрігер сот-медициналық сарапшы
Курстар 19 қараша күні басталады. Ұзақтығы 4 апта.
1-топ 09:00-ден 13:00-ге дейін
2-топ 14:00-ден 18:00-ге дейін
Әр топта 25 адамнан болады, өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдаңыз.

Бағдарламада:
- сананың бәсеңдеуі (құрысу кезіндегі алғашқы көмек, клиникалық/биологиялық өлім белгілері, негізгі жүрек-өкпе реанимациясы (балалар, жүкті әйелдер, ересектер);
- Жедел ми қан айналымының бұзылысы (Өтпелі ишемиялық шабуыл, ишемиялық инсульт, геморрагиялық инсульт, уақыт-ми);
- Шок (гиповолемиялық, геморрагиялық, травматикалық);
- Жедел коронарлы синдром, кеудедегі ауырсыну (жедел коронарлық синдром, миокард инфарктісі (типтік және абдоминальды нысаны, қабырға аралық невралгия);
- Гемодинамиканың бұзылуы (артериялық гипертензия, артериялық гипотензия);
- Терморегуляцияның бұзылуы (гипертермия, гипотермия, қызба) ;
- жедел улану (көміртек тотығы, тағамнан улану, химиялық улану (қышқылдар, сілтілер, дәрілер), алкогольмен улану);
- Төтенше жағдайлар (күйіктер: термиялық, химиялық, сілтілі; жазатайым оқиғалар: асфиксия (түрлері), шағу: жәндіктер, жыландар, ТЖМТ, ЖКО).

 

Барлық сұрақтар бойынша WhatsApp +7 701 345 2734


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp