- Жақсы есім мен беделден артық ештеңе жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа шалдығу – абыройсыздық.
- Сыбайлас жемқорлық ірілі-ұсақ болмайды, оның әрбір қадамы елімізге елеулі залал келтіретін апат.
- Өз жұмысыңыздың жеке бас пайдаңызға емес, заңдылық пен адалдыққа бағытталуға тиіс екендігіне есте сақтаңыз.
- Ешқандай жеке мүдде қоғам мүддесінен жоғары емес.
- Мемлекеттік қызмет – бұл абырой мен артықшылық ғана емес, қоғамның болашағы үшін жауапкершілік.
- Әрбір сыбайлас жемқорлық жағдайы – біздің елімізге, оның экономикасына және қоғамға соққы. Бұған жол бермеңіз, адал әрі парасатты болайық.
- Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің болашағына төнетін қауіпті жою.
- Адалдық және парасаттылық – әр мемлекеттік қызметшіге тән болуға негізгі қасиет.
- Елімізге Сіздің жанқиярлығыңыз бен адалдығыңыз қажет. Қоғамымыздың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін, сыбайлас жемқорлықпен күресіңіз.
- Сыбайлас жемқорлық – бұл біздің қоғамға төнген қауіп қана емес, әдемі әлемде өмір сүруге міндетті болашақ ұрпақ үшін жоғары қауіп-қатер.
- Сыбайлас жемқорлықты қөре-біле тұра үндемейтіндердің барлығы осы зұлымдықтың қатысушысына айналады.
- Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4000 АЕК-ке дейін (14 млн. теңгеге дейін) ақшалай көтермелеу көзделген - call-орталық 1424 (қоңырау шалу тегін).
- Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы шараларды қабылдамау – заңнамамен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
- Мемлекет қаражатын жымқыру – жазаланбай қалмайтын қылмыс.
- Игіліктерді (ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар және басқа да қызметтер) заңсыз алу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ұмытпаңыз.
- Сыбайлас жемқорлықпен және бюджет қаражатын жымқырумен күрес – бұл қоғамдағы әділдік пен теңдік үшін күрес. Осындай құқық бұзушылықтар үшін әркім бұлтартпас жазаға тартылады.
- Парақорлыққа делдал болғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
- Пара алу, беру және парақорлықтағы делдалдық – ҚЫЛМЫС.
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналасуға өмір бойы шектеу қоюға әкеп соғады.
- Ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар мен өзге де қызметтерді алу – заңсыз игіліктерге жатады.
- Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
- Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. - Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтіргені үшін, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.