phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Мұхамедхан Сейітқұлов –  қазақ халқының рухани элитасының жарқын өкілі»

«Мұхамедхан Сейітқұлов – қазақ халқының рухани элитасының жарқын өкілі»

30 сәуір күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы, меценат, алаш қозғалысының жанашыры Мұхамедхан Сейітқұловтың туғанына 155 толуына орай «Мұхамедхан Сейітқұлов - қазақ халқының рухани элитасының жарқын өкілі»атты онлайн-кездесу өтті.

seitkulovБұл кездесудің басты мақсаты – дара тарихи тұлғамыз Мұхамедхан Сейітқұловты еске алып қана қоймай, оның ұлттық руханият ісіне қосқан қомақты үлесін насихаттау.
Аталған шараға Мұхамедхан Сейітқұловтың немересі, Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығының директоры Дина Қайымқызы Мұхамедхан; республикалық Егемен Қазақстан газетінің ардагері, Құрмет ордені мен Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Дәулет Сейсенұлы; «Алаш арыстары Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі, жазушы-әдебиеттанушы Қуат Қазезұлы қатысты.
Seitkulov 2Онлайн кездесу барысында Мұхамедхан Сейітқұловтың өмір жолының маңызды кезеңдерінен сыр шертетін деректі фильмнен үзінді көрсетіліп, қонақтарымыз тарихи тұлғаға қатысты құнды деректерімен бөлісті.


 DosAI

 old site

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp