phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Сәуірдегі сәруәр шақ» онлайн кездесу

«Сәуірдегі сәруәр шақ» онлайн кездесу

23 сәуір күні, сағ. 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, прозашы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Әділбек Ыбырайымұлымен «Сәуірдегі сәруәр шақ» тақырыбында ЗУУМ платформасында онлайн кездесу өтті.

Ybraiym 3Әділбек Ыбырайымұлының «Пір мен пырақ», «Көктемсіз жыл», «Сүмбіле шуағы», «Ақ тамақ қарлығаштар», «Жерұйық жұмбағы», «Күнге бат алған керуен» жыр кітаптары, «Ақкекіл», «Мизам көк» хикаяттар мен әңгімелер топтамасы, «Адам-айуан», «Ұяластар», «Зауқайыр» романдары мен қазақтың соңғы ханы Кенесары жайлы «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогиясы бар.
Ол – Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш», «Дарабоз» әдеби сыйлықтарының лауреаты, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың Ybraiymиегері. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген «Алаш тарихының ақиқаты» атты республикалық бәйгенің жүлдегері, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне өткізілген «Азаттық аясында» атты республикалық мүшәйраның бас жүлдесін жеңіп алған. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақ ПЕН клубының мүшесі.
Іс-шарада автор өлеңдері мен прозалық шығармаларының жазылу тарихымен, шығармашылыққа шабыт берген жайттарымен бөлісіп, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.

Эфирдың толық нұсқасы:  https://youtu.be/N4qf8dzoh9o?si=Ovtn5TrZbw_ABjLk 

Байланыс тел.: 261333


 DosAI

 old site

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp