«Азаттық жолында: Есенберлиннің көзқарасымен көшпенділер әлемі»: квиз
Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінде алғаш болып тарихи тақырыпқа қалам тербеп, оқырманды өткен күндердің белесіне самғата білген шебер жазушы.
Ол қазақ әдебиетінің тарихында бүгінгі күнге дейін ең көп роман жазған жазушы ретінде белгілі. Оның қолынан шыққан романдарының барлығы да оқырманның оң бағасына ие болған. Оның еңбектері әлемнің 30 тіліне аударылып, шамамен 9 миллион таралыммен шартарапқа тарады.
24 сәуірде А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада ұлы қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына және оның атақты тарихи трилогиялары - «Көшпенділер» мен «Алтын Орда» негізінде түсірілген «Көшпенділер» фильмінің экранға шыққанына 20 жыл толуына тақырыптық квиз өтті. «Азаттық жолында: Есенберлиннің көзқарасымен көшпенділер әлемі» деп аталатын шара Назарбаев зияткерлік мектебінің химико-биологиялық бағытындағы 9 сынып оқушыларын жинады. Интеллектуалдық ойында оқушылар ұлттық бостандық пен еркіндік рухын қалыптастырған жазушының шығармаларына тереңірек үңілді.
Байланыс тел.: 261333