2026 жылғы 29 сәуір күні кітапханада «Есірткісіз болашақ:салауатты өмірге ұмтыл» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
8 мамыр күні сағат 11.00-де Өскемен қаласындағы Жамбыл саябағында қаламыздың санаулы әдеби ескерткіштері қатарына кіретін Жамбыл ескерткішінің қасында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған әдеби ревю өтеді.
Қазақстанда 2026 жылы Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі, Осы мереке аясында кітапхананда «Кітапхана инновацияларының панорамасы және цифрлық трансформациядағы үздік тәжірибелер» атты семинар-практикум өтті.
23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай кітапхана алаңында «Open Library: Ашық аспан астындағы кітапхана» атты кең ауқымды мәдени-рухани шара ұйымдастырылды.
18 cәуір күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ұлттық кітап күні» апталығы аясында қаламыздағы әйелдердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға арналған «Ең бақытты әйел» атты тренинг өтті.
2026 жылғы 20 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күні аясында «Түнгі студия» атты ерекше форматтағы тікелей эфир өтті.