phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

    «Есірткісіз болашақ: салауатты өмірге ұмтыл» психологиялық тренинг

    «Есірткісіз болашақ: салауатты өмірге ұмтыл» психологиялық тренинг

    2026 жылғы 29 сәуір күні кітапханада  «Есірткісіз болашақ:салауатты өмірге ұмтыл» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

    Шараның негізгі мақсаты — жастар арасында есірткіге қарсы саналы көзқарас қалыптастыру, оның зияны мен алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.
    Тренинг барысында қатысушылар есірткінің адам өміріне тигізетін кері әсері туралы маңызды ақпарат алып, түрлі психологиялық жаттығулар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы өз ойларын ортаға салды. Әсіресе, өмірлік құндылықтарды ұғындыруға бағытталған тәжірибелік бөлімдер қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
    Шара Ақ жол демократиялық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесу барысында филиал төрағасының орынбасары Боранғалиева Шынар Бақытқанқызы сөз сөйлеп, жастарға ақ тілегін білдірді.
    Сонымен қатар, ШҚО психикалық денсаулық орталығы наркология бөлімінің психологтары Кристина Геннадьевна Ширшикова мен Галина Николаевна Мурзабаева өз тәжірибелерімен бөлісіп, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары туралы кәсіби кеңестерін ұсынды.
    Осындай тағылымды кездесулер жастарды саналы таңдау жасауға жетелеп, олардың жарқын әрі есірткісіз болашаққа деген сенімін нығайта түседі.

     Esırtkısız bolaşaq treniñ 1  Esırtkısız bolaşaq treniñ 3  Esırtkısız bolaşaq treniñ 2  Esırtkısız bolaşaq treniñ 7  Esırtkısız bolaşaq treniñ 8  Esırtkısız bolaşaq treniñ 4 Esırtkısız bolaşaq treniñ 9   

     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp