10 сәуір күні кітапханамызда алматылық жазушы Ғалия Нұршайықовамен шығармашылық кездесуі өтіп, «Лоскутное одеяло» дебюттік романы таныстырылды.
24 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Әскербекқызының 60 жас мерейтойына арналған «Жанат оқулары» облыстық байқауы өтті.
30 сәуір күні кітапханада ұстаз, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Рақымжанұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым» атты облыстық байқау өтті.
7 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, ақын, шежіреші, алаштанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Құдабаев Сиезхан Дәулетханұлының 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.
Сиезхан Дәулетханұлы - ғұмырының 30 жылдайын шежіре жазуға арнаған. «Дат-шежіре» 2-томдық, «Көк бөрілік тірлігім», «Мұзтау – мұнар» өлеңдер жинағы, «Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров», «Алаштың арысы Райымжан Мәрсеков» ғұмырнамалық - зерттелім, «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс», «Ғұмырдария» кітаптарының авторы.
Сиезхан Құдабаев «Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі», есімі «Қазақстанның Мәртебелі ұстазы» энциклопедиясына енгізілген. «Ұлан ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін», Катонқарағай ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік төсбелгісімен және «Өр Алтай арысы» төсбелгілерімен марапатталған.
Шараға марқұмның туыстары, әріптестері, жерлестері, қаламыздағы зиялы қауым өкілдері қатысты. ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Қасенов Самат Берікболұлы еске алу кешінің шымылдығын естелік сөзімен ашып, осындай шаралардың маңыздылығын атап өтті. Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, публицист Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы бастаған шара қонақтары да өз естеліктерімен бөлісті.
Ұлан ауданында өткен «Сиезхан оқуларының» жеңімпаздары ақынның өлеңдерін оқыды, күй тартылып, Сиезхан аға туралы бейнебаяннан үзінді көрсетілді. Қаламгердің отбасы кітапханаға автордың кітаптарын сыйға тартты.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Ұлттық спорт күні кітапханада тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында жекелей қалалық біріншілігі өтті.
20 наурыз күні кітапханада әнші, өнерпаз Берік Рамазановтың шығармашылық кеші өтті.
19 наурызда кітапханасында кітапхана мамандарының цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған «Кітапхана жұмысында Жасанды интеллект: ЖИ-комплектаторды және жаңа нейрожүйелік құралдарды практикалық меңгеру» тәжірибелік семинары өтті.








