phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    News

    Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу сағаты

    Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу сағаты

    28 мамыр күні кітапханамызда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тағзым сағаты өтті.

    Шара тарихи жадымызды сақтау, өткен тарихқа құрметпен қарау және халқымыз бастан өткерген қасіретті кезеңдерді ұғындыру мақсатында өткізілді.
    Кездесу барысында қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы миллиондаған адамның тағдырына ауыр зардап әкелген нәубет жылдары туралы баяндалып, 31 мамырдың Қазақстан халқы үшін ерекше маңызға ие күн екені атап өтілді.
    Шараға қоғамдық ұйым өкілдері мен кітапхана қонақтары қатысты. Жиында «Ақ жол» демократиялық партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары Шынар Бақытқанқызы Боранғалиева, «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазанов және Шығыс Қазақстан облыстық Билер алқасының төрағасы, Бас би Ертіс Бибрайымұлы Нұразханов сөз сөйледі.
    Кітапхана қызметкерлері саяси қуғын-сүргін тарихына, ашаршылық құрбандарына және репрессияға ұшыраған тұлғалардың өміріне арналған тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастырды. Қонақтар көрмемен танысып, архивтік және тарихи басылымдарды тамашалады.
    Іс-шара соңында қатысушылар тарихи шындықты ұмытпай, оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

    Kugyn surgun 6 Kugyn surgun 7 Kugyn surgun 8 Kugyn surgun 13 Kugyn surgun 12 Kugyn surgun 11
    Kugyn surgun 10 Kugyn surgun 9 Kugyn surgun 4 Kugyn surgun 3 Kugyn surgun 2 Kugyn surgun 1

     


     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp