• +7(7232) 261-333
  • This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • 9:00-20:00

News

«Tŏr Altai» әдеби, мәдени альманахының  тұсаукесері

«Tŏr Altai» әдеби, мәдени альманахының тұсаукесері

23 қараша күні  А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен қалың оқырманға жол тартқан «Tŏr Altai» әдеби, мәдени альманахының тұсаукесері өтті.

Түркі халықтарының алтын бесігі саналатын, ұлы аталарымыз ту тігіп, түтін түтеткен киелі Алтай талай ақиық ақын мен өрелі жазушының кіндік қаны тамған торқалы топырақ. Осындай бай өлкемізде 2014 жылға дейін аймағымыздың мәдени өмірінен хабардар ететін «Ақ Ертіс» әдеби журналы шыққан болса, сол жылдар көлемінде «Мәдениет жаршысы» атты оның қосымшасы да жарық көрген. Алайда, уақыт өте келе түрлі себептермен барлығы жабылып қалған болатын. Бүгінгі күні осы журналдардың жалғасындай, шығыс өлкесінің рухани өмірінен сыр шертетін жаңа «Tŏr Altai» әдеби, мәдени альманахының жарыққа шығып, оқырманға жол тартуы аса қуанышты жағдай.

Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры

Жаңа басылымның негізгі мақсаты – өңіріміздегі жас ақындар мен жазушылардың шығармаларын қалың оқырманымен жүздестіру, кезінде аз тиражбен шыққан классик жерлес жазушы, ақындарымыздың шығармаларын жаңғырту, облысымыздың мәдени өмірінде болып жатқан оңды жаңалықтарды насихаттау, өңір халқының рухани болмысын байыту, ішкі жан-дүниесін жаңарту, жас таланттарға қолдау білдіру.

Журнал облыс әкімі Д. Ахметов пен шығыстың айна¬сына айналған темірқазық тұлғалар – Ә. Асқаров және Ә. Қаңтарбаевтың алғысөзінен бастау алып, алғашқы санында қазақ әдебиетінің классигі, жерлесіміз Қалихан Ысқақтың «Келмес күндер елесі» диологиясы басылып шықты. Сондай-ақ, проза мен поэзия жанрында қалам тербеп жүрген жерлес қаламгерлердің шығармаларымен қатар, өлкеміздің тарихына байланысты ғалымдардың еңбектері орын алған.
Қазақ және орыс тілдерінде жарық көретін журналдың бас редакторы – Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев. Журнал редакциясы жергілікті авторларды, жас, талантты қаламгерлерді, әдебиетті қолдайтын ақ жүректі демеушілерді осы жобаға ат салысуға шақырады.
Жаңа басылым – өз дәуірінің үні болып, халықтың рухани дамуына үлесін қосатын, жаңа таланттар мен дарындардың қалыптасуына ықпал ететін, көпшіліктің іздеп жүріп оқитын басылымы болғай!

 

TorAltai1 1 IMG 8160 TorAltai1 3 TorAltai1 4 TorAltai1 5 TorAltai1 6
TorAltai1 7 TorAltai1 8 TorAltai1 9 TorAltai1 10 TorAltai1 11 TorAltai1 12

 

Координатор: Абылгазинова Гульбаршин,
тел.: +77056241725



st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp