phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

"Алғысым шексіз..."

"Алғысым шексіз..."

1 наурыз ерекше мәні бар әрі рухани қуанышқа толы мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні кітапхана оқырмандары үшін қызықты да пайдалы мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды.

«Алғысым шексіз» интерактивті кітап көрмесінде адам бойындағы ең жоғары қасиеттер - мейірімділік, алғыс туралы, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін баяндайтын кітаптар ұсынылды. Көрменің мақсаты − өскелең ұрпақты төзімділікке, достыққа, бір-біріне құрметпен қарауға, сондай-ақ этносаралық келісім мен этникалық байланыстарды нығайтуға тәрбиелеу.
Кітапхананың әлеуметтік желідегі @pushkinlibrary парақшаларында оқырмандарымыз #АЛҒЫС time «Арамыздағы қаһармандар» айдары аясында өздері қалаған жандарға жүректерінен шыққан жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.
 «Қазаққа күмбірлеген күй сыйлаған» деген атпен Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерінен Байжігіт атындағы ұлт аспаптары оркестрінің бас дирижері, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Шалқар Рысхановтың жетекшілігімен мерекелік лекция-концерті өтті. Л
екция-концертке келген қонақтарымыз мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер студенттер мен оқушылар, күй өнерімен сусындап әдемі, рухани кештің куәсі болды.

Сондай-ақ бұл күні кітапхана оқырмандары «Әдемі ашық хат жасаймыз» (Фотошоп), «Бейнеқұттықтау жасап үйрен» (Вегас), эко-шопер тігіп, киім пішіп үйрену, сублимациялық басып шығару технологиясын игеру, канзаши техникасымен әдемі бұйымдар жасау сияқты т. б. мерекелік шеберлік-сағаттарына қатысты.
Баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен бірге келген мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы кеп тұратының естен шығармайық. Табиғат пен Анаға мейірімді күні үшін, риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық! 

 1 marta 3  1 marta 1  1 marta 5  1 marta 8  Kurangazy 11
 1 marta 1  1 marta 1  1 marta 4  Kurangazy 9  1 marta 1

 

 

Байланыс тел: 26-13-33 (119)


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp