phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Франкофониялық көктем-2023»

«Франкофониялық көктем-2023»

Достар! 1 наурыздан «Франкофониялық көктем-2023» мәдени іс-шаралар фестивалі бастау алды. Халықаралық Франкофония күнінің мақсаты – француз тілінің барлық жанкүйерлерін біріктіру, оның таралуына ықпал ету, француз мәдениетін, сондай-ақ француз тілді елдердің мәдениетін танымал ету. Бүгінгі күні француз тілінде сөйлейтіндердің бәрін франкофон деп атайды.

Фестиваль аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы өз қонақтарын француз тілді кино әлеміне енуге шақырады. Фильм көрсетілімдері 7 және 9 наурызда сағат 16.00-де, орыс субтитрлерімен француз тілінде өтеді. Кіру тегін.
7 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көрермендерді «Роскошный цветок» (Франция, мелодрама, 2020) фильмі күтеді. Ал 9 наурызда «Восхитительно» фильмі (Франция, комедия, 2020), Франция тарихындағы алғашқы мейрамхананың құрылу тарихы туралы, онда сіз көптеген дәмді тағамдарды көріп, нағыз кинематографиялық ләззат аласыз.
Барлық музыка әуесқойларын дәстүрлі 14-ші Ұлттық «Франкофон әні» байқауы күтіп тұр, іріктеу туры 1-31 наурыз аралығында жылдағыдай, онлайн режимде өтеді. Қатысуға өтініш беру үшін кітапхананың Француз оқу залына хабарласыңыздар. Конкурсқа Қазақстанның 16 жастан асқан, француз тілінде сөйлейтін немесе сөйлемейтін кез-келген резиденті қатыса алады. Финал Астанада, 15 сәуірде өтеді. Бас жүлде – Францияға барып, қайтуға арналған 2 әуе билеті.
Кітапханамыздың жас оқырмандары үшін 3-7 сәуір аралығында француз авторы Жака Ортэнің «Приключения Жака и Била в Казахстане. Сокровища Чингисхана» комикс кітабының желісімен квест ұйымдастырылатын болады.

 

Байланыс тел. 26-13-33


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp