Қазіргі заманғы ақпараттық, ойын-сауық материалдары және оларды көрсету/насихаттау құралдары барған сайын бұрмаланып, біздің ойымызға, сезіміміз бен мінез-құлқымызға агрессивті түрде әсер етуде.
Жанжалды тақырыптар, фейктер және нақты фактілер мен оқиғалардың бұрмалануы басылым иелеріне табыс әкелу үшін трафикті тартады, адал адамдардың беделін түсіріп, арам әдістермен бәсекелестерін жойып, кәсіпкерлік ортаны нашарлатады, қоғамды жалған ақпараттандырып, адамдардың санасын басқарады – мұның бәрі кез-келген қоғамдағы татулық пен келісімді өзгерте алады.
Ал қазіргі постшындық дәуірінде біз не істей аламыз? Бұл сұраққа адамзат тарихының жауабы біреу-ақ, ол – ағарту және оқыту. Бізге жалпы қоғам және жеке әр адамға хабарламаларды түсінуге, олардың мазмұнын саналы түрде бағалап, дұрыс қорытынды жасауға көмектесетін сауаттылық дағдыларының ауқымды және жан-жақты жиынтығын дамытуымыз керек. Мұндай дағдылар медиасауаттылық деп аталатын ұғымды құрайды, мұндағы Медиа – бұл барлық электронды немесе сандық құралдар, сондай-ақ хабарламаларды жіберу үшін қолданылатын баспа немесе көркем суреттер. Сауаттылық – бұл хабарламаларды, соның ішінде медиа арқылы жіберілетін хабарламаларды синтездеу және талдау қабілеті. Постшындық дәуірінде медиасауаттылық әр адам үшін үйде немесе жұмыста, сыныпта, мәжіліс залында немесе дауыс беру кабинасында болсын жіті қажеттілік болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті біздің қоғамда демократия мен әділеттіліктің дамуына ықпал ететін сауатты, тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта біздің А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» жобасын іске асыруда, оның аясында тақырыптық вебинарлар циклын өткізу жоспарланған. Жоба АҚШ Мемлекеттік департаментінің Мәдени және білім беру бағдарламалары Бюросының «Американдық бұрыштар» бағдарламасы көмегімен жүзеге асырылуда. Жобаның серіктесі – Американдық кітапханалар қауымдастығы (АЛА), оның ең үздік мүшелері вебинар спикерлері болып табылады. Вебинарға қатысу үшін 1100-ден астам қатысушы тіркелді, олар – республиканың 17 облысы мен 3 қаласының (Астана, Алматы және Шымкент) кітапхана мамандары. Оның ішінде: көпшілік және ұлттық кітапханалардан – 488 адам (42%), мектеп кітапханаларынан – 451 адам (38,8%), жоғары оқу орындарынан – 136 адам (11,7%), колледждерден – 50 адам (4,3%), сондай-ақ зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханалардан – 21 адам (1,8%) және техникалық кітапханалардан – 15 адам (1,3%).
Вебинарларға тіркелген қатысушыларға жүргізілген сауалнама нәтижесі кітапхана мамандарының 91%-ы бұрын медиасауаттылық бойынша оқудан өтпегенін, ал 37,8%-ы медиасауаттылықтың не үшін қажет екенін білмейтінін көрсетті. Жаңалықтардың негізгі көзі ретінде олар келесілерді атап көрсетті: әлеуметтік желілер – 782 қатысушы (67,4%), мемлекеттік БАҚ – 508 қатысушы (43,8%), баспа басылымдары – 303 қатысушы (26,1%), жергілікті БАҚ – 219 қатысушы (18,9%), веб-дереккөздерді – 176 қатысушы (15,2 %). Байқағандай, әлеуметтік желілер жаңалық көзі ретінде бірінші кезекте тұр, «Сіз шынайы жаңалықты фейктен қалай ажыратуға болатынын білесіз бе?» деген сауалға кітапханашылардың тек 23,9%-ы ғана «иә» деп жауап берді. Бұл, ең алдымен, ақпаратпен жұмыс істейтін мамандарды, оның ішінде әртүрлі ведомстволар мен деңгейлердегі кітапханашыларды медиасауаттылыққа оқытудың жіті қажеттілігінің көрсеткіші болып табылады.
Қазіргі таңда қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аудармасы бар 7 вебинар өткізілді, соңғы вебинар 2023 жылдың 7 маусымында өтеді. Вебинарлардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі бейнежазбалары А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Youtube-арнасында ұсынылған. Сонымен қатар, осы жоба аясында Instagram-да тақырыптық аккаунт жүргізіледі (https://www.instagram.com/mediagramm.kz/). Жоба Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған «Цифрлық әлем 4.0: кітапхана қоғамдастығына арналған жаңа тенденциялар мен сын-қатерлер» атты Бірінші халықаралық қысқы мектеп қатысушыларына және Жетісу облысының кітапханашыларының облыстық семинарында ұсынылды.
Қазіргі уақытта осы жоба бойынша стендтік баяндама дайындалуда, ол Ротердамда (Нидерланды) Халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің федерациясы – ИФЛА ұйымдастыратын Дүниежүзілік Кітапханашылар конгресінің қатысушыларына ұсынылады (www.ifla.org).
Спикер: жоба координаторы Шагиева Бибигуль Жамбыловна