phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Отбасы – бақыт мекені» кітап оқуға тарту бойынша жас аналарға тренинг

«Отбасы – бақыт мекені» кітап оқуға тарту бойынша жас аналарға тренинг

8 қыркүйек күні сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада елімізде аталып өтілетін Отбасы күніне орай баланы кітап оқуға тарту бойынша жас аналарға тренинг өтеді. «Отбасы – бақыт мекені» тренингінің мақсаты - ата-ана мен бала арасында жақындық қалыптастыру, ата-анамен бірлесе отырып бала тәрбиесіндегі кейбір мәселелерге көңіл аудару, көңіл - күйді көтеру, кітап оқуды насихаттау.

Отбасы күні  Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Ғ.Мұстафинның «Ата-ананың міндеті - тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деген сөзінде көп тәрбие жатыр. Ұлы данамыз Әл - Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата - ана. Бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау, кітап оқуға баулу -  ата-атаның парызы.

Жалпы «тренинг» дегеніміз – ойната отырып оқыту дегенді білдіреді. Тренинг барысында әртүрлі жаттығулар беріліп, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беріледі. Кітапқа деген баланың қызығушылықтарын арттыру және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолдары қарастырылады.

Тренинг барысында ойнатылатын «Танысу» жаттығуы, «Қызықты сұрақтар» ойыны, «Аяқталмаған сөйлем», «Кітаптан көрініс» жаттығулары мен «Ертегі құрастыр» шығармашылық тапсырмалары қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй ғана емес, пайдалы, жаңа ақпарат берері сөзсіз.

Келіңіздер, қатысыңыздар! Кітапқұмар ұрпақты бірге тәрбиелейік!


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp