phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Ғылымхал Манаймен кездесу

Ғылымхал Манаймен кездесу

 30 қаңтар күні сағат 11.00-де кітапхананың ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің Республикалық және халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, Республикалық «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы, Халықаралық «Түркия бурслары» степендиясының иегері, филология ғылымдарының PhD докторанты Ғылымхал Манай Имамағзамұлымен кездесу өтеді. 

Ғылымхал Манайұлы 1994 жылы дүниеге келген. Мектепті «Алтын белгімен» аяқтап, 2012 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түседі. Кейін білімін Астана қ. Тұран-Астана университеті магистратурасында жалғастырады. Бүгінгі таңда  Қазақ радиосында жүргізуші болып қызмет атқарды.

Астана қаласы «Тұран-Астана» университетінің магистратурасын бітірген.

Ғылымхал Манай әр жылдары түрлі байқау, сайыстардың, көркемсөз оқу байқауының жеңімпазы. «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі жариялаған «Алтын дауыс» дикторлар байқауының Бас жүлдегері. Қазақстан кітапханаларының альянсының «Халық құрметі» төс белгісінің иегері. «Сарыарқа серісі» жігіт сұлтаны байқауының жеңімпазы. Қазіргі таңда Анкара қаласы Қажы Байрам Вели университесінің PhD докторанты.

Кездесуде шара қонағымен Түркиядағы кітапханалардың жағдайы, кітап оқу мәселесі, білім саласындағы жаңалықтар, қазақ жастарының шетелдегі тірлігі жайында мәнді, рухани әңгіме-сұхбат жүргізілмекші.


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp