22 қыркүйек күні кітапхананың ұйымдастыруымен күршімдік ақын, сазгер Қабдолда Тұрардың артына қалдырған мұрасы «Күркебай батыр» кітабының тұсаукесері өтті.
Өр Алтай мен Төр Алтайға есімі мәлім қазақ батыры Күркебай Байдосұлының өмірі –ұзақ жылдардағы зерттеудің жемісі. Автор батырдың көпшілікке белгісіз болып келген өмір деректерін толықтыра түсіп бар болмысын, мінезінің қыр сырын ашуға тырысқан.
Кітаптың авторы Қабдолда Тұрар өнер десе ішкен асын жерге қоятын, кеудесінен ән қалқып, күй шалқыған адам еді. Артында қалған мұрасын жинақтап, жас ұрпаққа ұсынып отырған сазгердің інісі - Күршім ауданының Құрметті азаматы, ақын, сазгер Нұрсовет Қайыров.
Тұсаукесерге Қабдолда ағаның көзін көрген замандастары, өнерсүйер қауым, кітапханашылар, студенттер мен оқушылар қатысты. Кеште Қаболда Тұраровтың, Нұрсовет Қайыровтың әндері шырқалды.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)