phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Қызыма хат»

«Қызыма хат»

 6 наурызда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Өскемен қаласының тұрғыны Нұрия Темірханованың «Қызыма хат» деп аталатын жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Тарбағатай өңірінің тумасы Нұрия Темірханова – әрдайым ізденісте жүретін, білімге, өмірге шексіз ғашық жандардың бірі, бүгінде Өскемен қаласындағы «Nur Sana» білім беру орталығын құрушы.
Оқырмандар жылы қабылдаған автордың тағы бір төл туындысы «Қызыма хат» деп аталады. Негізгі арқау болатын дүние, осы кітап арқылы, Қазақ арасында жаңа үрдіс бастап жатыр. Автор қызына ақыл-өсиетін әдемілеп жеткізеді, естеліктері арқылы ұлттық салтты да дәріптеп өтеді.
Кітапта қызы Іңкәрдің қалай дүниеге келгені, тәтті қылықтары да әңгімеге негіз етіп алынған. Үлкенді, ата-ана, ата-енені сыйлау, өзін қалаптастыру жайлы да жеткізе білген ана-қазақтың мақал-мәтелдерін, ұлы сөздерді де қызының алдына тарту етеді.
Сонымен қатар, автор өмірлік жар таңдаудағы адамгершілік талаптарын еске алу, ұлттық рух туралы айта келіп, бақытты бола білудің қандай екендігі, қазақ аруларымыздың ұзатылғаннан кейінгі, болашақ ана ретінде өздерін қадағалап, қазақи салт-сананы бойына сіңіргенін, өз үйінде алған тәлім-тәрбиесін, жат жұрттық ағайындарына таза қалпында, кіршіксіз жеткізу, сол ортада сыйлы болып, құрметке лайық ана келіннен, дана келін атануына, жанындағы құдай қосқан қосағымен мәңгі бірге ғұмыр кешіп бақытты болуға, және қалайша бақытты орнатуға болатындығы туралы толғанысын ортаға салады.

Kyzyma 1 Kyzyma 2 Kyzyma 3 Kyzyma 4 Kyzyma 5 Kyzyma 6
Kyzyma 8 Kyzyma 9 Kyzyma 10 Kyzyma 11 Kyzyma 12 Kyzyma 13

Байланыс тел.: 261-333


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp