6 қазан күні А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының ұйымдастыруымен қайырымдылық айы аясында көптеген игі істердің иесі болып табылатын ақын, прозашы және қоғам қайраткері – Геннадий Николаевич Пуссеппен шығармашылық кездесу өтті.
Геннадий Николаевич Пуссеп – жан-жақты әрі дарынды тұлға. Мамандығы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғанмен, Геннадий Николаевич өзін жан-жақты қырынан танытты: құрылысшы, ТМК-да кадрлар бөлімі, диктор, журналист, кітап шығарушы…
Г. Н. Пуссеп «Прошлое всегда будет», «Лучшие годы», «Месяц надежды» сынды оннан астам поэтикалық жинақтың, «Поезд набирает скорость», «В новый век мы вошли вместе» очерктер мен әңгімелер жинағының авторы, «Почетные граждане Усть-Каменогорска» кітап-анықтамалығын құраушы, көптеген облыстық байқау мен әдеби оқулардың ұйымдастырушысы, сондай-ақ «Духовный караван» жобасына тікелей қатысушы.
Кездесу барысында Геннадий Николаевич Пуссеп өзінің сыр мен жырға толы өмірлік естеліктерімен бөлісті. Рухани дамудың маңыздылығын адамдарға жеткізуге бағытталған «Духовный караван» патриоттық жобасына қатысу тәжірибесі туралы әңгімелеп, жүректен шыққан жырларын оқып, алдағы шығармашылық жоспарларын ортаға салды.
Жазушының өзі мен кездесу қонақтарының орындауындағы өлеңдер, «Товарки» вокалдық ансамблінің орындауындағы Геннадий Николаевичтің өлеңіне жазылған ән бүгінгі кездесуге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Анықтама тел.: 261-333 (ішкі 123)