23 қарашада А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында «Мектеп кітапханашыларының кәсіби даму жүйесінде медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Қонақтар кітапханаға экскурсия жасап, «Ерекше» бала инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық сауаттылықты дамытудағы кітапхананың жұмысымен танысты, "Инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық сауаттылықты дамытудағы халықаралық және отандық кітапханалардағы тәжірибе" тақырыбы бойынша ақпаратты тыңдап, тесттер арқылы өздерінің жұмыстағы психологиялық деңгейін бағалады.
ШҚО ПМПК психологы М. М. Давыдовамен кездесуде облыс мектептерінің кітапханашылары «Өрлеу БАҰО» ФАО ШҚО бойынша курстар шеңберінде инклюзивті білім берудің жаңа тәсілдерін, кітапханашылар жұмысындағы психологиялық білім мен әдістердің маңыздылығын талқылады. Білім беру ортасында заманауи инклюзивті процеске белсенді қосылу үшін психологияның негіздерін білу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру, арнайы білімді ұтымды қолдана білу қажет-мұның бәрі кітапханашыларға өз жұмысының тиімділігін арттыруға зор мүмкіндік береді.
Кітапхана маманы Б.Ж.Шагиева медиасауаттылық және фактчекинг негіздері, медиасауаттылықтың артықшылықтары туралы ақпарат беріп, іс жүзінде тиімді ақпараттық іздеу деген не екенін, ақпараттың шынайылығын анықтау үшін не нәрселерге назар аудару қажеттігін қарастырды.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылар толық мәтінді электрондық кітапханалардан материал іздеу жайлы, біздің өлкеміз туралы толық ақпаратты қайдан табуға болатындығын, биыл өтетін атаулы күндер туралы және құжаттарды электронды жеткізу қызметі қалай жұмыс істейтінін білді.
Семинар нәтижелі және қызықты өтті. Кітапханашылар жаңа ақпараттар алып, өзара тәжірибе алмасты.
Байланыс тел.: 261-333 (119)