phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Абай әлемі» кітаптар топтамасының» 2023 жылғы шығарылымы оқырманға жол тартты

«Абай әлемі» кітаптар топтамасының» 2023 жылғы шығарылымы оқырманға жол тартты

25 желтоқсан күні, А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан өнер мұражайында  «Абай әлемі» кітаптар топтамасының» жаңа шығарылымының тұсаукесері өтті.

«Абай әлемі» кітаптар топтамасы» әдеби жобасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба өлкеміздің өткені мен бүгіні жайлы қалам тербейтін жерлес қаламгерлердің шығармаларын басып шығаруға арналған. 2018-2023 жж. аралығында барлығы 65 889 данамен 95 кітап жарық көрді. Олардың қатарында: 66 автордың жеке кітабы, 9 жинақ, абайтанушылардың 5 томдығы, Абай шәкірттері мұрасының 4 томдығы бар. 

Биылғы жыл – Оралхан Бөкей, Қасым Қайсенов сынды көркемсөз алыптарының мерейтой жылы. Сондықтан осы жылғы кітаптар топтамасы Оралхан Бөкейдің бұрын көп таралыммен шыға қоймаған таңдамалы драмалар жинағынан, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің повестерінен бастау алды. Дара жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай қаламгер жайлы естелік толғамдар Ғаббас Қабышұлының құрастыруымен «Халықтың Оралханы» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. Жобаны жерлес ақын, бірнеше жыр жинағының авторы Хамит Балшабеков, қара сөздің қадірін арттырған қаламгердің бірі Жұмағазы Игісін, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің төрайымы Наталья Матвеева, танымал айтыскер ақын Серік Құсанбаев, катонқарағайлық ақын Төлеген Рақымжанұлы, Зайсан ауданының тумасы, ақын Тоқтарбек Қызықбай, шежіреші, ұстаз-ақын Сиезхан Құдабаев, ақын, дарынды драматург Әскерхан Ақтайдың шығармалары толықтырды. Жаңа топтамамен қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет «Қазақ сатирасының антологиясы» жарыққа шығып, оқырманға жол тартты.

Жоба бастау алған жылдардан бері жастар шығармашылығына баса назар аударылып келеді. Биылғы жылы да жерлес он жас ақынның үздік поэтикалық туындылары жеке жинақ болып жарыққа шықты. Олардың қатарында: Тәттімбет Асханұлы, Камшат Нұғыманова, Бақжан Елсінбекқызы, Құмар Зиятхан, Ілия Кәрімқызы, Көгедай Шәмерхан, Тілек Мұрат, Есенбол Нақтыбайұлы, Құралай Омар және Құндыз Тасқынбек сынды дарынды жас қаламгерлер бар.   

Құрметті кітапсүйер қауым, жерлес қаламгерлеріміздің үздік шығармаларын насихаттауға арналған «Абай әлемі» кітаптар топтамасымен танысуға кітапханаға келіңіздер!

 Абай әлемі 2023 5  Абай әлемі 2023 8  Абай әлемі 2023 2  Абай әлемі 4  Абай әлемі 10  Абай әлемі 6
 Абай әлемі 3  Абай әлемі 9  Абай әлемі 5  Абай әлемі 2023 7  Абай әлемі 2023 6  Абай әлемі 8

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp