phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Сөз бен істің адамы

Сөз бен істің адамы

9 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Сөз бен істің адамы» атты мемлекет және қоғам қайраткері, танымал саясаткер, бірнеше облыстың Құрметті азаматы, қазақтың ардақты азаматы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевты еске алу кеші өтті.

Кісілігі мен кішілігі қатар жүрген, өлкемізді дамытуға қосқан ерен үлесімен халық жүрегінен орын алған Бердібек Мәшбекұлын шығысқазақстандықтар құрметпен еске алды. Бердібек Мәшбекұлымен Шығыс өңірінде қызметтес, әріптес болған тұлғалар мен замандастары естеліктерімен бөлісіп, өз құрметтерін білдірді.

Бердібек Мәшбекұлы Шығыс Қазақстан облысын басқарған уақытта өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамып-өркендеуіне зор үлесін қосып, халықтың ыстық ықыласына бөленген тұлға. Халықтың білікті де қабілетті басшыға деген ерекшы жылы қарым-қатынасы мен оның еңбегіне деген жоғары бағасы осының айғағы.

Бердібек Мәшбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 16 жасында «Задарьинский» кеңшарында қатардағы жұмысшы болып бастаған. 1995-2022 жылдар аралығында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі болды. Әр жылдары Премьер министрдің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Министрлер Кабинеті Аппаратының басшысы,  Қаржы министрінің орынбасары, Кедендік бақылау агенттігі төрағасы қызметтерін атқарды. «Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері.

2009-2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған кезеңде Бердібек Мәшбекұлы өңірдегі көптеген өзекті мәселенің түйінін шешті. Шығыстағы қызметін алыстағы ауылдар мен шекара маңы пункттерін аралаудан бастады. Әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне, өндіріс орындарының ашылуына, коммуналды шаруашылықтың жаңғыруына ықпал етіп, мәдениет пен руханияттың өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде облысымызды ел көлемінде өзгелерден ерекшелеп тұрған аналогы жоқ Этноауыл, спорт кешені, Халифа Алтай мешіті, Өскемен қаласының іргесінде бой көтерген «Нұрлыкөш» ауылы, облыстық драма театры, сондай-ақ, Қабанбай, Абай Құнанбайұлы ескерткіштері және т.б. Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен іске асырылған жұмыс нәтижелері. Бұл елі үшін бар болмысымен қызмет қылған дара тұлғаның еселі еңбегінің бір бөлшегі ғана.

Соңына өшпес із қалдырған, кісілігі мен кішілігі қатар жүретін, халық мойындаған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

 Saparvaev 2  Saparvaev 3  Saparvaev 11  Saparvaev 5 Saparvaev 4   Saparvaev 15
 Saparvaev 6  Saparvaev 9  Saparvaev 8  Saparvaev 10  Saparvaev 12  Saparvaev 14
 Saparvaev 17  Saparvaev 19  Saparvaev 16  Saparvaev 18  Saparvaev 7  IMG 4957

 

Байланыс тел.: 26-13-33 (119)

 


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp