phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Ауған ақиқаты» ерлік сағаты

«Ауған ақиқаты» ерлік сағаты

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай  кітапханада қаламыздағы ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Ауған ақиқаты» атты ерлік сағаты өтті.

Басқосуға мектеп оқушылары, әскери полиция қызметкерлері ,ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары қатысты.

Он жылға созылған соғысқа 22 мың қазақстандық қатысып,  924 боздағынан айырылған. 1015 адам елге мүгедек болып оралса, 21 солдат із – түзсіз кеткен. Бұл күнде ауған соғысының қанды қырғынынан аман – есен оралғанымен, жандары жаралы ардагерлер ортамызда жүр.

Ерлік сағатында өмірінің жауқазын жастық шағын оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан жерлес майдангер ағаларымыз Сағымбай Рамазанов, Еділ Түгелбаев келді.

Экранда соғыс хроникасының кадрлары көрсетіліп, қатысушылар Ауғанстан және барлық жергілікті соғыстар мен қақтығыстарда қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ардагерлер  өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісіп қана қоймай, жастардың тәлім-тәрбиесі жайлы ой өрбітіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 Augan kezdesu 1  Augan kezdesu 5  Augan kezdesu 12  Augan kezdesu 6 Augan kezdesu 14   Augan kezdesu 7
 Augan kezdesu 2  Augan kezdesu 10  Augan kezdesu 15  Augan kezdesu 8  Augan kezdesu 18  Augan kezdesu 16
 Augan kezdesu 4  Augan kezdesu 13  Augan kezdesu 11  Augan kezdesu 14  Augan kezdesu 15  Augan kezdesu 19

Байланыс тел.: 26-13-33 (119)


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp