13 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жазушы-натуралист, орнитолог-ғалым, табиғат қорғаушысы Борис Васильевич Щербаковпен шығармашылық кездесу өтті.
Қазақстанның флорасы мен фаунасының білгірі, әлемдік ауқымдағы орнитолог-ғалым Борис Васильевич Щербаков көптеген жылдар бойы Шығыс Қазақстанның табиғатын сақтау үшін шешуші күрес жүргізіп келеді. Оның бастамасымен Батыс Алтай және Марқакөл қорықтары, Құлынжон және Тарбағатай қорықшалары құрылып, Тарханка мен Риддер ауданында ормандарды кесу тоқтатылды.
Борис Васильевичтің тамаша кітаптары бір деммен оқылады. Олар жабайы табиғат әлемімен қызықты да түсінікті тілмен таныстырылады. Олар: «ЗЕЛЁНЫЙ ДОМ», «ПТИЦЫ ЗА ОКНОМ», «ОЗЕРО ЗВЕНЯЩИХ КОЛОКОЛОВ», «ОЖИВШИЕ РЕЛИКТЫ» және т.б.
Кездесу барысында Борис Васильевич –қоршаған әлемнің соңғы жылдары қалай өзгергенін, адамдардың басқа жердегі тіршілік иелерінің эволюциялық тағдырын өзгертетін факторға айналғандығы жайлы әңгімеледі; жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің азаюы мен жойылуы туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Аудиторияның сұрақтарына жауап бере отырып, жастарға «Әр адамның өзінің жеке пікірі, мінезі болуы керек, ақша қумай, өмірлік мүддесін ұстану керек»,- деп ақылын айтты.
Зерттеуші ғалым баршамызды табиғат-ананы сүйіп, ортақ үйіміз – Жер планетасын бірлесіп қорғауға шақырады!