phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Мен сүйген жыр»: ақын Расул Асқарұлының жыр кеші

«Мен сүйген жыр»: ақын Расул Асқарұлының жыр кеші

20 қыркүйек күні сағат  А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Шілікті өңірінің тумасы, ақын Расул Асқарұлының «Мен сүйген жыр» атты жыр кеші өтті.

Батырбеков Расул Асқарұлы – 1999 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Шілікті орта мектебі табалдырығын аттап, 2014 жылы бітірді. 2017 жылы Өскемен қаласындағы техникалық колледжінің ақпарат жане байланыс орнату мамандығын бітірді. Қазіргі таңда КАСУ университетінде сырттай журналистика факультетінің шәкірті.
Расул Асқарұлы балдырған бала кезінен өлеңдер жазды. Мектеп жасынан бастап белгілі ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүрді. Студенттер арасындағы «Мәнерлеп оқу» байқауларының бірнеше дүркін бас жүлдегері.
2022 жылдан «Барқытбел жыр жебе» ақындар клубының мүшесі. 2023 жылдан Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі. 2023 жылы Отан алдындағы парызы әскер катарына алынып, Семей каласында әскери борышын өтеп келді. Қазіргі таңда Өскемен қаласында тұратын Расул әлеуметтік желіде өзінің тұрақты оқырмандары қалыптасқан, болашағынан үміт күттіретін жас ақындарымыздың бірі. 
Жыр кешінде  Расул Асқарұлы  өз шығармашылығынан поэзия оқып, қазіргі әдебиет туралы, өзінің шығармашылығы мен хоббиі туралы пікірлерімен бөлісіп,  замандастарын қызықтырған сауалдарға жауап берді.

 Rasul 1  Rasul 2  Rasul 8  Rasul 11  Rasul 5
 Rasul 14  Rasul 7  Rasul 13  Rasul 9  Rasul 6

Байланыс тел.: 261333 (119)


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp