phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
«Тіл – татулық белгісі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

«Тіл – татулық белгісі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Тілдер күніне орай «Тіл татулық белгісі» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, отансүйгіштік сезімді арттыруға ықпал ету.

Іс-шараға қаламыздағы жоғары оқу орнының студенттері мен кітапхана оқырмандары, тіл жанашырлары қатысты. Шара барысында кітапхананың қызметкері Алиева Динара және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенті Топай Есенғажы мазмұнды баяндама жасады. Әлемдегі әртүрлі тілге қатысты қызықты деректерді қамтыған викториналық сұрақтар, шараға қатысушылар арасында өткен интеллектуалды ойын қатысушыларға өте қызықты әсер сыйлады.

Қатысушылар тілдің халықтың рухани мұрасы әрі ұрпақтан-ұрпаққа жететін асыл қазына екеніне тоқталып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен этносаралық қатынастағы маңызы жайында ой бөлісті.

Шара аясында оқырмандар назарына «Ана тілім тірлігімнің тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылды, дөңгелек үстел соңында ана тілі туралы өлеңдер оқылды.

Tiltatulyk 1 Tiltatulyk 3 Tiltatulyk 4 Tiltatulyk 5 Tiltatulyk 6
Tiltatulyk 7 Tiltatulyk 8 Tiltatulyk 9 Tiltatulyk 10 Tiltatulyk 11

 

Байланыс тел.: 261333


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp