phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Қарымды қаламгер, зерделі ғалым»: Шериаздан Елеукеновтың 95 жылдығына орай онлайн кездесу

«Қарымды қаламгер, зерделі ғалым»: Шериаздан Елеукеновтың 95 жылдығына орай онлайн кездесу

17 қазанда А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы жазушы, журналист, әдебиетші-ғалым, педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Елеукеновтың 95 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, сыншы, драматург Айзат Рақышпен «Қарымды қаламгер, зерделі ғалым» атты онлайн кездесу ұйымдастырды.

Шериаздан Елеукенов 1929 жылы 03 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аршалы ауылында туған. Әдеби қызметкер, Шығыс Қазақстан облысы «Алтай большевигі» газеттері бөлімінің меңгерушісі, Абай атындағы ҚазМУ-дың аға оқытушысы, нұсқаушы, сектор меңгерушісі, Қазақстан КПОК аппарат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті кітаптану кафедрасының профессоры болған.
Ш. Елеукенов жазушы, публицист ретінде де белгілі. Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов өмірі мен шығармашылығына арналған «Казахский роман и современная эпоха» (1968), «Замандас парасаты» («Здравомыслие современника», 1977), «Жаңа жолдан» («С новой строки», 1989), «От фольклора до романа-эпопеи» (1987), «Ғасырмен сырласу» (2004), «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» (2006) т.б. көптеген туындылары бар. Оның «Емтихан» («Экзамен») атты сатиралық пьесасы өз кезінде Жамбыл және Қызылорда облыстық театрларында қойылған. Ал «Ат қоюдың әлегі» скетчі «Тамаша» бағдарламасында көрсетілген. Сондай-ақ, қаламгер бірнеше әңгіме, очерк, фельетон мен эссенің авторы: «Он екі бет роман», «Толық адам», «Алаш азаматы», «Қаныштың домбырасы», «Жапония: күнгейі мен теріскейі».
Ш. Елеукенов «Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің сеңгірі – Мағжан Жұмабаев» деп баға беріп, мағжантанумен де айналысқан қаламгер.
Онлайн кездесу барысында сыншы Айзат Рақыш өзінің сүйікті қаламгері Шериаздан Елеукенов туралы жан-жақты естеліктерімен бөлісті.

Байланыс тел.:26-13-33


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp